Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«100 нақты қадам» Ұлт жоспары — 9 айдың қорытындылары

2016 жылғы 31 қазанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агеттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) облыстық басқармалардың, қала мен аудан әкімдері аппараттарының, барлық деңгейдегі мәслихаттардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару қызметтері өкілдерінің қатысуымен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары - 9 айдың қорытындылары» тақырыбында семинар-мәжіліс өткізді.

Іс-шара 10 жылдан астам кадр қызметінде жұмыс істеп, ағымдағы жылы құрметті демалысқа шыққан мемлекеттік қызметтің ардагерлеріне алғыс хаттар тапсырудан басталды. Б.Беспалинов өз кіріспе сөзінде 5 институционалды реформалар шеңберінде мемлекеттік қызметтің әкімшілік реформасын практикалық жүзеге асыру мәселелерін сипаттап берді.

Бұдан әрі персоналды басқару қызметтерінің 2016ж. 9 айы жұмысының қорытындысы және 2016ж. аяғына дейінгі оларға қойылатын міндеттер бойынша Департаменттің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Р.Братаева баяндады.

Жағымды тәжірибемен алмасу мақсатында Шортанды ауданы әкімі аппаратының және Мемлекеттік кірістер департаментінің персоналды басқару қызметтерінің жұмысы туралы есептер тыңдалды.

Тәртіптік практика саласындағы қызметінің нәтижелері туралы өз баяндамасында Мемлекеттік қызмет саласында бақылау басқармасының басшысы Қ.Сұлтанғазиев айтып берді.

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби құзыретін жетілдіру туралы Мемлекеттік қызметшілерді оқыту өңірлік орталығы директорының орынбасары  А.Нұрахметова баяндама жасады.

Аталған іс-шара соңында мемлекеттік қызмет саласындағы заңдарды практикалық қолдану бойынша бірқатар ұсыныстар Ақмола облысы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметінің назарына жеткізілді.

Семинар өткізу барысында туындалған сұрақтарға толық жауап берілді.

Семинар-кеңеске 92 адам қатысты.

Департамент госслужбы

0
0
290

Осы тақырып бойынша