Мазмұнға өту
anticorr03akmol

Госслужба Акмола

@anticorr03akmol

Сайтта 2015 ж. 4 сәуірКазахстан, Кокшетау

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 729

пікірлер

0

тіркелуші

15

жазылымдар

16

Полиция қызметі мінез-құлқының негізгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары

2017 жылдың 5 маусымында Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жоспарды орындау аясында Департаменттің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Ә. Мұхамеджановтың қатысуымен Ақмола облысының Зеренді, Сандықтау және Атбасар аудандарында «Полиция қызметі мінез-құлқының негізгі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары» тақырыбында дөңгелек үстел отырыстары өткізілді. Кездесулерге аталған аудандардың құқық қорғау органдарының өкілдері мен дербес бөлімдердің басшылары шақырылды. Отырыс барысында құқық қорғау органдарында, жалпы ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлықтың қаупі жоғары екені, жемқорлықтың салдарынан азаматтардың мүдделерін қорғауға негізделген субъектілер жойылуда екені, жол қатынасының қатысушыларымен байланысты…

0
0
374

Аршалы ауданына жұмыс сапары

А.ж. 2 маусымда Департамент басшысы Б. Беспалинов жұмыс сапарымен Аршалы ауданына барды.

Сапар барысында Департамент басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, жемқорлық көріністеріне мүлде төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дәріптеу мақсатында Аршалы ауданының мемлекеттік қызметшілерімен, аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамымен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің ұжымымен  кездесті.

Сонымен қатар, Б. Беспалинов Түрген және Арнасай ауылдық округтерінің азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Іс-шараларда ауылдық округтердің әкімдері, жас мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерліктің, діни бірлестіктердің өкілдері, аудан жастары қатысты.
Департамент госслужбы

0
0
215

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді бақылау

Департамент госслужбы

А.ж. 2 маусымында құқық қорғау органдарымен ұсынылатын мемлекеттік қызмет сапасын арттыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Ә.Қ. Мұхамеджановпен Ақмола облысының ішкі істер  қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді.

Семинар-кеңес барысында ішкі істер органдарында өткізілген тексеріс қорытындылары сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы заңнамасының негізгі аспектілері талқыланды.

Семинар қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар әзірленді.

0
0
295

Жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу

А.ж.1маусымда Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне алғаш орналасқан мемлекеттік қызметшілерге арналған курстардың тыңдаушыларымен «дөңгелек үстел» өткізілді. Департамент басшысы Б.Беспалинов жиналған жас мемлекеттік қызметшілерді таңдауларымен құттықтай отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің негізгі даму бағыттары, жүйенің жаңғыруы,мақсаттары мен күтілетін нәтижелер туралы әңгімелеп берді. Реформаның түйінді бағыттары, меритократия қағидалары, мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі әңгімеге арқау болды, сонымен бірге, үздік кадрлардың Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында білім алуға мүмкіндіктері…

0
0
280

Қоғамдық омбудсмен қабылдауын бастады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шпекбаевтың тапсырмасын орындау және Жолдардағы сыбайлас жемқорлық көріністерін қысқарту бойынша 10 қадамды іске асыру жоспарын жүзеге асыру жөніндегі өңірлік қадамдық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Ақмола облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Тіркеу-емтихан бөлімінде қызмет алушыларға консультациялық қолдау көрсетуге арналған Қоғамдық қабылдау бөлімі ашылды. Қоғамдық қабылдау құрамына - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, Жемқорлыққа қарсы бірінші…

0
0
428

«Парасыз болашаққа. Бірге!»

А.ж.30 мамырда «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік тобы Ақмола облысының Астрахан, Егіндікөл, Қорғалжын аудандарына сапарға шықты. Мобильді топтың құрамында – «Нұр Отан» партиясыоблыстық филиалының төрағасы Ғ. М. Бекмағамбетов, Департамент басшысы Б.М. Беспалинов, Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығының басшысы, «Жаңару» ҚБ төрағасы Ә.Б. Баймағамбетов, қоғам, БАҚ өкілдері. 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында, сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалы…

0
0
317

«Біз жемқорлыққа қарсымыз!»

«Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Жарқайың ауданында бірқатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, а.ж. 23 мамыр күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында Жастар ресурстық орталығымен ҚР жемқорлықпен күрес саласындағы заңнамасын түсіндіру бойынша халықпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ж.Т.Мыңбаев және жастар ресурстық орталығының басшысы Ф.Е. Байкасов қатысты. Кездесу барысында тұрғындарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, заңнаманың басым бағыттарын түсіндірді. Кездесу соңында жастар ресурстық орталығының психологы А.М.Бейсен қатысушылармен тренинг өткізді. Сондай-ақ, а.ж. 25 мамырда ауданның үш ірі кәсіпорындарында Қазақстан Республикасының жемқорлықпен күрес саласындағы заңнамасын түсі…

0
0
572

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде интернет-конференцияны өткізу туралы жарнама

2017 жылғы 2 маусымда сағат 16.00-ден 19.00-ге дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша интернет-конференция өтеді. Пайдаланушылардың сұрақтарына Агенттік Төрағасының орынбасары А.Ж. Шпекбаев жауап беретін болады. Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында және Агенттіктің интернет-ресурсында нақты уақыт режимінде өтеді. Сұрақтар қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдап, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мәселелері бойынша қызығушылық танытатын сұра…

0
0
322

Әдеп кодексінің негізгі бағыттары туралы

А.ж. 30 мамырда Департамент басшысының орынбасары Д. Хайруллин «Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі семинар өткізді. «Әдеп кодексі ең алдымен қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің бейәдеп мінез-құлықтарын болдырмауға, сыбайластықтың, лауазымдық құқық бұзушылықты…

0
0
571

Мемлекеттік қызметті реформалау туралы

А.ж. 25 мамырда Департамент Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамының «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру» бірінші реформасын іске асыру аясында «Қазақстан» РТРК» АҚ Ақмола филиалының арнасында «Әлеумет» телехабарында мемлекеттік қызметті реформалау мәселелері тақырыбындағы тікелей эфир ұйымдастырды. Хабарға Департамент басшысы Берген Беспалинов қатысты. Сұхбат барысында облыстағы мемлекеттік қызметшілердің кадрлық әлеуеті, мемлекеттік қызметшінің қасиеттері туралы әңгіме өрбіді. Мемлекеттік қызметшінің қасиеттері туралы әңгімелей отырып, Б. Беспалинов қазіргі заманның мемлекеттік қызметшісінің бойында жоғары кәсіби шеберлік, адалдық, табандылық, бастамашылдық және әрине, өз халқын құрмет тұту сынды ерекше қасиеттер болуы тиіс екенін, сонымен қат…

0
0
355