«Біз жемқорлыққа қарсымыз!»
«Адал жол – Честный путь» жемқорлыққа қарсы марафоны аясында Жарқайың ауданында бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Атап айтқанда, а.ж. 23 мамыр күні «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалында Жастар ресурстық орталығымен ҚР жемқорлықпен күрес саласындағы заңнамасын түсіндіру бойынша халықпен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының орынбасары Ж.Т.Мыңбаев және жастар ресурстық орталығының басшысы Ф.Е. Байкасов қатысты. Кездесу барысында тұрғындарды қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, заңнаманың басым бағыттарын түсіндірді. Кездесу соңында жастар ресурстық орталығының психологы А.М.Бейсен қатысушылармен тренинг өткізді.
Сондай-ақ, а.ж. 25 мамырда ауданның үш ірі кәсіпорындарында Қазақстан Республикасының жемқорлықпен күрес саласындағы заңнамасын түсіндіру бойынша еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді. Кездесулерде ішкі саясат бөлімі және Әділет басқармасы өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, өңірлік «СарыАрқа» телеарнасы эфирінде Жарқайың ауданы тұрғындары арасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз!» атты телевикторина өткізілді.
Викторина нәтижесі 2017 жылғы 27 мамырда жарияланып, бес жеңімпаз анықталды. Жеңімпаздар грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

