Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу

А.ж.1маусымда Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне алғаш орналасқан мемлекеттік қызметшілерге арналған курстардың тыңдаушыларымен «дөңгелек үстел» өткізілді.

Департамент басшысы Б.Беспалинов жиналған жас мемлекеттік қызметшілерді таңдауларымен құттықтай отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің негізгі даму бағыттары, жүйенің жаңғыруы,мақсаттары мен күтілетін нәтижелер туралы әңгімелеп берді. Реформаның түйінді бағыттары, меритократия қағидалары, мемлекеттік қызметтің мансаптық моделі әңгімеге арқау болды,  сонымен бірге, үздік кадрлардың Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында білім алуға мүмкіндіктері бар екені туралы айтылды.

Әңгімелесу барысында тыңдаушыларға Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өзекті бейнесюжеттері, соның ішінде Министрліктерде, Комитеттерде және Ұлттық холдингтарда  анықталған жемқорлық фактілері туралы  сюжеттер көрсетілді.

Сонымен қатар, кездесуге аймақтық оқыту орталығының директоры, облыстық мәслихаттың депутаты, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Ақмола облысы филиалының директоры – Ә. Баймағамбетов, «Жігер» Ақмола облысының жас мемлекеттік қызметшілері клубы» ҚБ үйлестірушісі, «Белый Блоггер» ҚБ Президенті – Е. Жайықпаев қатысты.

Ә. Баймағамбетов өз сөзінде жас мемлекеттік қызметшілерге кәсіби біліктілікті үздіксіз шыңдау заман талабы екенін түсіндірді.

Е. Жайықпаев Жас мемлекеттік қызметшілер клубының құрылуы мен тарихы жөнінде, атқарып отырған жұмысы мен басқа мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастығы туралы әңгімеледі. Клуб өмірін, өткізіліп жүрген іс-шаралар мен акцияларды бейнелейтін фотосуреттерді ортаға салды.

Кездесу еркін сұхбат түрінде өтті, қатысушылардың барлығы өздерін толғандырған сауалдарға түсініктемелер мен жауаптарын алды.

Кездесуді қорытындылай келе Департамент басшысы Б. Беспалинов еліміздің болашағы жастардың қолында екенін атап өтті.
Департамент госслужбы

0
0
281

Осы тақырып бойынша

Жас мемлекеттік қызметшілермен кездесу - Yvision.kz