Аршалы ауданына жұмыс сапары
А.ж. 2 маусымда Департамент басшысы Б. Беспалинов жұмыс сапарымен Аршалы ауданына барды.
Сапар барысында Департамент басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, жемқорлық көріністеріне мүлде төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті дәріптеу мақсатында Аршалы ауданының мемлекеттік қызметшілерімен, аудандық ішкі істер бөлімінің жеке құрамымен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің ұжымымен кездесті.
Сонымен қатар, Б. Беспалинов Түрген және Арнасай ауылдық округтерінің азаматтарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Іс-шараларда ауылдық округтердің әкімдері, жас мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерліктің, діни бірлестіктердің өкілдері, аудан жастары қатысты.
