Қоғамдық омбудсмен қабылдауын бастады
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А.Шпекбаевтың тапсырмасын орындау және Жолдардағы сыбайлас жемқорлық көріністерін қысқарту бойынша 10 қадамды іске асыру жоспарын жүзеге асыру жөніндегі өңірлік қадамдық іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Ақмола облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Тіркеу-емтихан бөлімінде қызмет алушыларға консультациялық қолдау көрсетуге арналған Қоғамдық қабылдау бөлімі ашылды.
Қоғамдық қабылдау құрамына - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы, Жемқорлыққа қарсы бірінші медиа-орталық және «Белый блоггер» қоғамдық ұйымының өкілдері қатысты.

