Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Парасыз болашаққа. Бірге!»

А.ж.30 мамырда «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік тобы Ақмола облысының Астрахан, Егіндікөл, Қорғалжын аудандарына сапарға шықты.

Мобильді топтың құрамында – «Нұр Отан» партиясыоблыстық филиалының төрағасы Ғ. М. Бекмағамбетов, Департамент басшысы Б.М. Беспалинов, Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру аймақтық орталығының басшысы, «Жаңару» ҚБ төрағасы  Ә.Б. Баймағамбетов, қоғам, БАҚ өкілдері.

2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны, Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын  іске асыру аясында, сонымен қатар, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастыру, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, жемқорлыққа мүлде төзбеушілік қағидасын жылжыту мақсатында Астрахан, Егіндікөл, Қорғалжын аудандарының партиялық активтерімен және мемлекеттік қызметшілерімен, осы аудандардың АІІБ жеке құрамымен, аудандық ауруханаларының еңбек ұжымдарымен, Астрахан ауданының агротехникалық колледжінің студенттерімен және  оқытушыларымен, Егіндікөл қазақ орта мектебінің оқытушы құрамымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кездесулер өткізілді.

Кездесулердің барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың зиянды салдары туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру туралы ақпараттық-түсіндірмелік жұмыс жүргізілді.
Департамент госслужбы

0
0
327

Осы тақырып бойынша

«Парасыз болашаққа. Бірге!» - Yvision.kz