Әдеп кодексінің негізгі бағыттары туралы
А.ж. 30 мамырда Департамент басшысының орынбасары Д. Хайруллин «Көкшетау қаласындағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Солтүстікқазжерқойнауы» Солтүстік Қазақстан өңіраралық геология және жер қойнауын пайдалану департаменті» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік қызметшілерімен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі семинар өткізді.
«Әдеп кодексі ең алдымен қоғамның мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің бейәдеп мінез-құлықтарын болдырмауға, сыбайластықтың, лауазымдық құқық бұзушылықтың алдын алуға, мүдделер қақтығысына байланысты тәуекелдерді мейілінше азайтуға бағытталған профилактикалық құжат болып табылады»,-деп Д. Хайруллин өз сөзін қорытындылады.
Әдеп кодексінің жаңа редакциясында қызметтен тыс уақытта қоғамға қайшы мінез-құлықты болдырмауға және мемлекеттік органдардың ұжымдарында дұрыс моральдық-психологиялық ахуалдың қалыптастырылуына ерекше көңіл бөлінген.
Семинар барысында туындаған сауалдарға толық, жан-жақты жауаптар берілді.

