Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекеттік қызмет көрсетудің негізі
А.ж. 23 тамызда Департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының басшысы Ә.Қ.Мұхамеджановтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – мемлекеттік қызмет көрсетудің негізі» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті.
Баспасөз-конференциясы барысында Департаментпен өз өкілеттігі шегінде, дәйекті және мақсатты түрде мемлекеттік қызмет көрсету сапасының сақталуына бақылау бойынша атқарылған жұмыс туралы нақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, Департамент мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай саясатты сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру бойынша жұмысты әрі қарай жүргізетіні туралы айтылды.
Баспасөз конференциясына өңірлік БАҚ өкілдері қатысты.
