Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жолдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда мемлекет пен қоғам бірге

 

А.ж. 25 тамызда Департаменттің бастамашылығымен Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы  Мемлекеттік қызметшілерді қайта дайындау және біліктілігін жетілдіру орталығында  «Жолдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы мемлекет пен қоғамның өзара әрекеттестігі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың себептері мен жағдайлары,  жаяу жүргіншілер мен жүргізушілер мәдениетіне қатысты мәселелер қарастырылатын болады, сонымен қатар, жолдардағы сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту бойынша ұсыныстар әзірленді.

Статистикаға жүгінсек, 2016 жылдан осы уақытқа дейін Петропавловск, Астана, Атбасар,  Красный Яр ауылы бағыттарында 53 622 әкімшілік құқық бұзушылық орын алған.

Талдауларды талқылау нәтижелері бойынша жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына әкеп соғатын себептер мен жағдайлардың тиісті талдауы жасалып, оларды жою бойынша ұсыныстар әзірленгенін атап өту керек.  Instagram және Facebook интернет-ресурстарында жол қозғалысына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері қамтылған нұсқаулар жарияланды, сонымен қатар, Ақмола облысының Ішкі істер департаментімен бірлесіп, аталған нұсқаулықтарды жол қозғалысына қатысушылар арасында  тарату жұмысы жүргізілуде.

Мәселелерді жан-жақты талқылау және талдау нәтижелерімен таныстыру мақсатында Facebook танымал әлеуметтік желісінде барлық қолданушыларға қолжетімді  топ құрылды, аталған топта қазіргі уақытта да ағымдағы мәселелер талқылануда.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласының танымал видеоблоггері Дани Капаров өзінің   kokshevideogram интернет-парақшасында «Қай жерде жол-көлік оқиғасы көп болады?» деген сауал қойып, бұл сауалды талқылауға 71 қала және облыс тұрғыны қатысты.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамның жолдардағы сыбайлас жемқорлықты жою бойынша жұмысын жалғастыру керек деген шешімге келді.

         
0
0
283

Осы тақырып бойынша

Жолдардағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда мемлекет пен қоғам бірге - Yvision.kz