Жемқорлыққа қарсы мобильді топ «Ардагерлер емханасы» ШЖҚ МКК еңбек ұжымымен кездесу өткізді
А.ж. 18 тамыз күні Департамент қызметкерлері жемқорлыққа қарсы мобильдік топтың құрамында Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының жанындағы «Ардагерлер емханасы» ұжымымен кездесіп, жемқорлықтың мемлекет пен қоғамның дамуына теріс әсері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмысын өткізді.
Кездесу барысында ұжым өкілдері жемқорлыққа қарсы заңнама жөнінде қызықтырушы сұрақтар қойып, жауап алды.
Кездесуге барлығы 30 адам қатысты.
