Жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алуда сатып алу бағаларының көтермелеуіне өткізілген мониторинг нәтижелері туралы
Департамент мемлекетік органдар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік сатып алу саласында тауарлар мен қызметтерді сатып алу бағасын жоғарылатуына мониторинг жүргізіледі.
2017 жылғы 18 тамызда «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалында «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алуда сатып алу бағаларының көтермелеуіне өткізілген мониторинг нәтижелері туралы» тақырыбында семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға Департаменттің бас маманы А.А.Галеева, ішкі мемлекеттік аудит, мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.
Өз баяндамасында А.А.Галеева жемқорлыққа қарсы мониторинг а.ж. 3 мамырынан бастап жүргізіліп жатқанын және қазіргі таңда мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарлар, жұмыс және қызметтерді сатып алу бағаларының жоғарылатуының 21 фактісі тіркелгенін айтты. (үнемдеу 2 млн.тг.).
Осылайша, аталған фактілер мемлекеттік сатып алу барысындағы бюджеттік қаражаттың мақсатсыз, тиімсіз жұмсалуына және ұрлануына алып келуі мүмкін қателіктерді көрсетеді.
