Зеренді және Сандықтау аудандарында дөңгелек үстелдер өтті
А.ж. 17 тамыз күні Зеренді және Сандықтау аудандарда «Әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының, соның ішінде жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының құрылысы кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында кезекті аудандық дөңгелек үстелдер өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік нысандар құрылысы барысында жемқорлық көріністеріне жол бермеудегі рөлін ашып көрсету, мемлекеттік аппараттың оң имиджін қалыптастыру.
Дөңгелек үстел отырысына Департаменттің Жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы А. Галлева, сәйкес бөлімдер басшылары, аудан әкімдерінің орынбасары, мемлекеттік қызметкерлер, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.
Отырсы барысында қатысушылар аудандық деңгейдегі жемқорлықтың алдын алу шараларын талқылап, жемқорлықты болдырмау шараларының, НҚА-ға енгізілген өзгерістердің өзектілігін және уақтылығын сондай-ақ, алдын алу шараларын өткізудің маңыздылығын атап өтті.
