Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментіндегі семинар

Мемлекеттік қызметшілердің қызмет тиімділігін арттыру және олардың мемлекеттік қызмет саласында заңнамасын сақтау мақсатында а.ж. 7 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаменті қызметшілерімен мемлекеттік қызмет саласы бойынша семинар өткізілді.

Семинар барысында Мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы А.Баямбаева мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі бойынша түсініктеме берді.

Сондай-ақ, 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының кәсіби мемлекеттік аппаратты құру бойынша І институционалдық реформасының аясында енгізілген конкурстық іріктеу, мансапық өсу, әлеуметтік қорғау, кадрларды дайындау, нәтиже бойынша еңбекақы төлеу бойынша жаңа қағидалардың жүзеге асырылуына мүмкіндік берген заңнама нормалары түсіндірілді.

Іс-шараға 102 адам қатысты.

Семинар в Департаменте государственных

доходов по Акмолинской области

В целях повышения эффективности работы государственных служащих и соблюдения ими законодательства в сфере государственной службы 7 декабря т.г. Департаментом Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции по Акмолинской области проведен семинар в Департаменте государственных доходов по Акмолинской области по вопросам законодательства в сфере государственной службы.

В ходе семинара главным специалистом Управления государственной службы Департамента А.Баямбаевой были даны разъяснения касательно процедуры поступления на государственную службу.

Далее, освещены нормы законодательства внедренные в рамках реализации І институциональной реформы Плана нации – 100 конкретных шагов по формированию профессионального государственного аппарата, предусматривающие новые принципы конкурсного отбора, карьерного продвижения, социальной защиты, профессиональной подготовки кадров, установления оплаты труда по результатам.

Мероприятием охвачено 102 человека.

0
0
268

Осы тақырып бойынша

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментіндегі семинар - Yvision.kz