Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесі

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті жұмысының басты бағыты қазіргі заманғы кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың І институционалдық реформасын орындау болып табылады. 100 нақты қадам – Ұл Жоспарының міндеттерін ескере отырып, Департаментпен тұрақты негізде мемлекеттік қызметке жас кадрларды тарту бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізіледі.

А.ж. 10 қарашада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетау қаласының жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп, жұмыссыз жастарға, ЖОО-ның және ОАОО-ның түлектеріне арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.

Іс-шара барысында Департамент басшысы Б.Беспалинов жәрмеңке қатысушыларын әкімшілік мемлекеттік және құқық қорғау қызметіне орналасу тәртібімен таныстырып, тестілеу бағдарламаларына егжей-тегжейлі тоқталып, конкурсқа дайындалу бойынша ұсыныстар берді.

2017 жылғы 13 қарашадан бастап 7 желтоқсанға дейін Департаменттің бастамасы бойынша мұндай іс-шаралар Ақмола облысының 19 аймағында өткізілді.

Кездесу барысында тестілеуден өтудің негізгі талаптары, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметші ұғымдарына түсіндірулер берілді. Қатысушыларға мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі түсіндіріліп және әдістемелік оқу құралдар таратылды: мемлекеттік органдар бойынша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар туралы ақпарат беріліп, осы лауазымдарға білімі бойынша талаптар айтылды.

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізу кезеңінде 700 астам адам қамтылды.

Қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік қызметке жас талапшыл, талантты кадрлардың келуіне, және олардың кәсіби құзыретіне сәйкес мансаптық сатылары бойынша одан әрі ілгерілеуіне ықпал етеді деп сенеміз.

Мемлекеттік қызмет басқармасы

0
0
485

Осы тақырып бойынша