Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әдеп жөніндегі кеңестің Степногорск қаласындағы кезекті отырысы

2017 жылғы 12 желтоқсан күні Степногорск қаласында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өткізіліп, онда Степногорск қаласының әкімі А.К. Күмпекеевтің қызметтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың және қызметтік әдеп нормаларының бұзылуының алдын алу бойынша жұмыстың қорытындысы бойынша есебі, сонымен қатар Степногорск қаласы әкімінің аппаратының әдеп жөніндегі уәкілеттісі Г.М. Абилованың есебі тыңдалды.

Сонымен қатар, «Еңбекшілдер ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы В.Ф. Лебедеваға салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын шешуді келістіру туралы ұсыным қарастырылды.

Қарастыру нәтижелері бойынша Әдеп жөніндегі кеңестің бастамасымен сәйкестендірілген шешімдер шығарылды.

Сол күні Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу Басқармасы бойынша 2017 жылдың 11 айы ішіндегі жұмыс қорытындысы бойынша ақпарат ұсынумен брифинг ұйымдастырылды.

Оған қоса ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысының азаматтарды қабылдау шарасы ұйымдастырылып, оның барысында келіп түскен өтінімдер бойынша сәйкестендірілген ұсыныстар берілді.

Сапардың барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Жастар қанатының ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына енген талантты оқытушы, Ақмола облысы Степногорск қаласы білім бөлімінің Абай Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясының оқытушысы Кинцель Александр Евгениевичтің қатысуымен арнайы кездесу ұйымдастырылды. Сонымен қатар іс-шараға қатысқандар ішінде жалпы мөлшерде 60 шақты адамды қамтумен оқушылар, жастар, мемлекеттік қызметшілер болды.

0
0
540

Осы тақырып бойынша