Степногорск қаласында азаматтарды қабылдау шарасы ұйымдастырылды
2017 жылғы 12 желтоқсан күні Степногорск қаласына жұмыс сапары барысында ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысының азаматтарды қабылдау шарасы ұйымдастырылды.
Қабылдау барысында білім беру мекемелерінің директорларына арналған еңбекақы төлеудің ұпайлық жүйесін енгізу, келіп түскен хаттар мен өтінімдерді орындау мерзімдері, ұлттық біріңғай тестілеуді рейтингтік бағалауды тоқтату сияқты мәселелер бойынша өтініштер тыңдалып, сәйкестендірілген ұсыныстар берілді.
Жалпы, департамент халықпен кері байланысты реттеуге үлкен назар аударуда.
