Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Степногорск қаласының кадрлар қызметіне әдістемелік көмек көрсетілді

Ағымдағы жылғы 12 желтоқсанда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Степногорск қаласының әкімі аппаратының персоналды басқару біріңғай қызметіне, сонымен қатар "Е-қызмет" біріктірілген ақпараттық жүйесінің жұмысына тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыс өткізді.

Іс-шара барысында кадр қызметінің қызметшілеріне мемлекеттік қызмет саласындағы жаңа заңнаманың негізгі талаптары бойынша, конкурстық тәртіптерін өткізу, тағылымдаманы, тәлімгерлікті ұйымдастыру, сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің ауыспалылық мәселелеріне ерекше назар акценттеу бойынша түсіндіру жұмысы жүргізілді.

Іс-шара дербес бөлімдерінің кадр жұмысшылары, байқаушылар пулына кіретін адамадар, тәлімгерлер мен әкім аппаратының қызметкерлері, жалпы саны 53 адамға қамтылды.

0
0
336

Осы тақырып бойынша