Кезекті кездесу
Жаңаөзендегі іс-шаралардың соңында қаланың бірнеше кәсіпкерлерімен кездестім. Партия бағдарламасындағы әлеуметтік және экономикалық бағыттарды, азаматтық қоғамды дамыту жөнінде пікір алмастық. Жалпы партияны бағдарламасын іске асыруға 21 трлн теңге қарастырылған. Партия тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуға қандай көмек болады?1. Мемлекеттің экономикадағы үлесі 14%-ке дейін қысқартылады, бизнес үшін кедергілер жойылып және бәсекелестікті дамыту арқылы шағын және орта бизнестің қызмет алаңы кеңейтіледі.2. Жеке бизнес ашу үшін 50 мың азаматқа, оның ішінде 42 мың ауыл азаматтарына жалпы сомасы 250 млрд. теңгеге шағын несиелер беріледі.3. Салық кодексіне салықтар мен төлемдер санын қысқарту, салықтарды есептеу тәртібін жеңілдету бөлігінде өзгерістер енгізіледі және басқа да шаралар іске…






