Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Баяндыдағы кездесу

Келесі кездесу Баянды селосының мәдениет үйінде өтті. Бұл жерде біздің топқа облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткерСадуакас Битан қосылды.

Республикалық, Мұнайлы аудандық партия жоспарларын сайлаушыларға таныстырдық. Кездесу барысында Исмайлова Махаббат және Аманжанов Айболат Баянды ауылында замануи спорт кешенін салу, бокс залын жасақтауға көмектесуді сұрады. Ауыл жастарының спорттан жақсы жетістіктері бар екен.

Қазіргі таңда ата-аналар өздері қаржы жинап, бір ғимаратта уақытша спорт зал жасау үшін жөндеу жұмыстарын бастап кетіпті. Кездесуден кейін барып көрдік. Тұрғындар өздері ұйымдасып, жұмыс атқарып жатыр екен. Бұл мәселені алдағы уақытта шешу үшін өзімізге түртіп алдық.

Баянды селосының тұрғындары партиямыздың жұмыстарын толық қолдап отыр.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

Nur Otan Aktau

Nur Otan Qaraqiya

#edilzhangbyrshin

0
0
121

Осы тақырып бойынша

Баяндыдағы кездесу - Yvision.kz