Перейти к содержимому
aktau.nurotankz

aktau.nurotan.kz

@aktau.nurotankz

Сайтта 2020 ж. 4 қарашаКазахстан, Актау

Официальный филиал партии "Nur Otan" города Актау Мангистауской области

рейтинг

250

жазбалар

2 642

пікірлер

0

тіркелуші

23

жазылымдар

59

Жетібай елді-мекенінде канвассинг

Сенек, Бостан ауылдарынан кейін, кешкісін атбасын Жетібай елді-мекеніне бұрдық. Жетібайлық мұнайшы, кәсіпкер азаматтармен алқалы құрма болды. Елдің белсенді азаматы, қоғамға жанашыр Жұмсақов Ағзам ағамыз Жетібайдағы экологиялық ахуалға алаңдайтынын, жұмыссыздық жағдайы да өршіп тұрғанын айтып, осы мәселелерді шешуге күш салу қажет екендігіне тоқталды. Одан басқа да азаматтардан бірнеше әлеуметтік-экономикалық бағыттағы ұсыныс-тілектер болды. Ауыл азаматтары сайлауда "NurOtan" партиясын қолдайтындарын білдірді.

#nurotan

#edilzhangbyrshin

0
0
138

Ақтаудағы канвассинг

Мүмкіндіктері шектеулі мүшесі бар отбасыларына бардық.Олардың жағдайларымен танысып, сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін және аманаттарын жинақтадық.Азат Жанғаұлы Есіркепов ініміз өзі бизнес жобасына қатысты қолдау қажет екенін айтса, Асылым Темірғалидің анасы жер учаскесін алуға көмектесу, осындай отбасыларына мемлекет тарапынан үйді жеңілдіктермен беруді, емге Үкімет тарапынан арнайы қомақты қаржы бөліп, қолдауды сұрады.Саят Бердіқылышұлының анасы бюджет тарапынан алып, беріліп жатқан инваколяскалардың диагнозға байланысты бейімделген түрлерін алса, мүгедек адамдардың қамқоршыларына автоьус, теміржол, ұшақ жол шығындарына жеңілдік қарастырылса, атаулы әлеуметтік көмек алуда проблемалардың бар екенін айтты.Nur Otan партиясы бұл бағыттағы мәселерге жете назар аударып, осы бағыттағы…

0
0
115

Ақтаудағы "Есіктен есікке" акциясы

Бүгін сенімді өкілдерімЮсуп Шахшаев,Аскар Дузмагамбетов,Нұржігіт Нұрболатұлы бірге 26, 27 шағын аудандарында үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Бұл шараға Jas Otan волонтёрлары да көмектесті. Пәтер иелерімен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізіп, 10 қаңтарда сайлауға қатысуға, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырдық. Жалпы бірнеше үйдегі 104 сайлаушыны қамтыдық.

Nur Otan

Nur Otan Aktau

#edilzhangbyrshin

0
0
148

Соғыс ардагерімен кездесу (канвассинг)

Түске таман Ұлы Отан соғысының ардагері, бірнеше ордендер мен медальдардың иегері, шекарашы Боқаев Бисен ақсақалдың үйіне бардық. Аман-саулық сұрасқасын, әкеміз өз өмірінен біраз әңгіме айтты. Ағайын болып шықты. 30-шы жылдары ел Түрікменстан жаққа ауғанда, сегіз жаста екен. 1942 жылы әскерге шақырылып, Бессарабия, Румынияны азат етуге қатысыпты, Яссы-Кишинев операциясында шайқасқан. Соғыс біткесін 1949 жылға дейін КСРО шекарасын күзетуге қалдырылған екен. Армияда комсомол ұйымын басқарып, партияға да өтіпті. Бисеке "Екеуміз онда партиялас болып шықтық, мен де 1989 жылы армияда КПСС мүше болып едім" деп әзілдестік. Ақсақал мән-жайды білгесін "Айналаның бәріне айтамын",Nur Otan дұрыс қой" деді. Ас ауыз тиіп, әкеміздің батасын алып, қоштасып жатырсақ, бір кішкентай шөбересі маған "Ата сау б…

0
0
123

Партияның сайлау алды бағдарламасы баяндалды

Жетібай ауылында тұрғындармен кездесіп,Nur Otan партиясының сайлау алды бағдарламасының бағыттарын баяндадым. Ауыл тұрғындары жұмыссыздық мәселесі, кәсіпкерлердің коммуналдық қызметтерге төлейтін тарифтердің қымбаттығы жайында әңгіме қозғады. Жиын соңында ауылдастар сайлауға бірауыздан қатысамыз деді.

#NurOtan

#edilzhangbyrshin

0
0
110

Қоғамдық қабылдау

Жетібай ауылында жиыннан кейін, тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау жүргіздім. Қабылдауда екі адам болып, тұрғын үй және әлеуметтік көмек жөнінде сұрақтарын қойды. Айтылған мәселелерді қаперге алып, алдағы уақытта шешімін табуға жұмыстанамыз.

#nurotan

#edilzhangbyrshin

0
0
124

Бейнеудегі бас қосу

Бейнеудегі Нұрболат Хайруллаев ағамыздың үйіне көлік басын тіредік.

Ағамызбен елдегі жағдайды, саясатты да біраз әңгіме қылдық. Ауыл шаруашылық, тұрмыстық қалдықтарды жинау және т.б. мәселелерді қозғадық. Кейбір заңдардың кемшін тұстары да әңгіме болды. Нұрекең ағамызNur Otanпартиясының жүргізіп отырған саясатының дұрыс екенін, елге тыныштық керек екенін айтып отырды.

Осындай ел ішіндегі беделді азаматтардың ұстанымы, көзқарасы өте маңызды!

Ағамызға және отбасына денсаулық, береке-бірлік тілейміз!

#NurOtan

Nur Otan Маңғыстау облысы

Nur Otan Aktau

Nur Otan Beıneý Aýdany

#edilzhangbyrshin

0
0
124

Ақкетіктегі агитация

Маңғыстаудың кәрі шаңырағы Ақкетік ауылында сенімді өкілдерім "Есіктен есікке" акциясын жүргізді. Әр бір үйге амандасып, үгіт-насихат жасады. Ақкетіктегі ағайындар жылы шыраймен қабылдап, сайлауға қатысатындарын айтты.

#NurOtan

#edilzhangbyrshin

0
0
108

Бастауыш ұйымдарының мүшелерімен кездесу

АқкетіктегіNur Otanпартиясының бастауыш ұйымдарының мүшелерімен кездесуге Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткерСамат Мусабаевпен бірге менің сенімді өкілдерімЫқылас Көшербай,Аскар Дузмагамбетов қатысты.

Партияластарымыз бір ауыздан сайлауға қатысуға дайын екенін, қиындықты бірге еңсеріп, жеңіске бірге жетуге тілекші екендіктерін білдірді.

#NurOtan

#edilzhangbyrshin

0
0
113