Мектептегі кездесу
Үгіт-насихат жұмысы Мұнайлы ауданының Маңғыстау селосында жалғасты.
Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Мусабаев Самат Базарбайұлы, облыс мәслихаты депутаттығына үміткер Абилова Ақбұрыш Қолғанатқызы, аудандық мәслихатқа үміткер Бимембетова Гулфайрус Асанқызы болып тұрғындармен кездестік. Партиямыздың сайлауалды бағдарламасын таныстырдық. Әр елде болып жатқан қиын жағдайларда айтылды. Елбасы басқарып отырған партияның жаңалануға бет бұрғандығын да атап өттік.
Кездесу барысында бір қарындас Парламентте қазақ тілінің мәртебесін көтеруді аманат етсе, бір інішек "...зейнетақы қорынан азаматтар қаржысын алғанда салық төлеу дұрыс па?" деп сұрақ қойды.
Елдің жастарының мемлекеттік маңызы бар, жоғары деңгейдегі мәселерді көтеруі қуантарлық жағдай. Бұл аманаттар болашақта жұмыстарымыздың ненізгі бағыттарының бірі болатыны сөзсіз!
#NurOtan
Nur Otan
Nur Otan Aktau
Nur Otan Qaraqiya
#edilzhangbyrshin


