Партиямыздың үгіт-насихат жұмыстары баяндалды.
Сенек аулында Ерқұлов Бауыржан, Құлпыбаев Разғали, Садыров Пайыза және басқа да отбасыларына партиямыздың үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік. Жалпы қамтылған сайлаушылар саны 102 болды.
Пайыза шешеміздің үйінде қызық жағдай болды. Бірнеше шөберелері бар екен, екеуі менің немерелеріме ұқсайды екен. Шақырдым, алдыма келіп отырды. Әжесі "...ана үлкені жеті атасын біледі" деді. Атын сұрап едім "Даниял" деді. Жасы төртте екен. Жеті атасын судыратып айтып берді. Осылай әр қазақтың баласы жеті атасын білсе тұғыры мықты ел боламыз.
Nur Otan
Nur Otan Aktau
#edilzhangbyrshin


