Кезекті кездесу
Жаңаөзендегі іс-шаралардың соңында қаланың бірнеше кәсіпкерлерімен кездестім. Партия бағдарламасындағы әлеуметтік және экономикалық бағыттарды, азаматтық қоғамды дамыту жөнінде пікір алмастық. Жалпы партияны бағдарламасын іске асыруға 21 трлн теңге қарастырылған. Партия тарапынан шағын және орта бизнесті дамытуға қандай көмек болады?
1. Мемлекеттің экономикадағы үлесі 14%-ке дейін қысқартылады, бизнес үшін кедергілер жойылып және бәсекелестікті дамыту арқылы шағын және орта бизнестің қызмет алаңы кеңейтіледі.
2. Жеке бизнес ашу үшін 50 мың азаматқа, оның ішінде 42 мың ауыл азаматтарына жалпы сомасы 250 млрд. теңгеге шағын несиелер беріледі.
3. Салық кодексіне салықтар мен төлемдер санын қысқарту, салықтарды есептеу тәртібін жеңілдету бөлігінде өзгерістер енгізіледі және басқа да шаралар іске асырылады және олар туралы ақпаратты алдағы уақытта шығарамыз.
Кездесу кезінде кәсіпкерлер несие алудың механизмдерін жеңілдетуді және сұйытылған газ мәселесін көтерді. Маған Фейсбукта да осы мәселені көтеріңіз деп халық отыр. Шынында да неше күн болды газ мәселесі ушығып тұр. Халық та, кәсіпкер де қиналмауы керек. 1500-дей адам жұмыс жасап отыр, қаншама отбасы осы бизнестен күн көріп отыр.
Өңірде сұйытылған газ мәселесін шешетін уақыт келді деп ойлаймын. Маңғыстау облыстық кәсіпкерлік палатасы Үкімет пен «Атамекен» ҰКП-на хат жолдады, нақты есебі мен ұсыныстарын көрсетіп. Неужели қиын шаруа? Энергетика министрлігі газ көлемін әр елді мекенге жететіндей қылып, ашық және делдалсыз сататын механизмнің жобасын тез арада жасақтап, "NurOtan"партиясы өз алаңында барлық мүдделі тараптарды жинап, бір шешімге келтіруі қажет. Бұл жергілікті жерде шешілетін сұрақ емес. Партияның Орталық аппараты осы мәселені өз қадағалауына алмаса болмайтын түрі бар! Орысша айтқанда «надо поставить точку над I».
Alibek Aldeney
Жигер Калиев
Нариман Абильшаиков
#NurOtan
#edilzhangbyrshin

