Сенектегі профессор
Қарақия ауданының Сенек аулына жол тарттық. Жоспарымыз "Есіктен есікке" акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу. Бірінші елге белгілі атбегі, ұстаз, басқарма болған ардагер Бесінбай Бегеніш ақсақалдың үйіне көлік басын тіредік. Үйге кірдік.
Танысу басталды. Ақсақал "Қай баласың?" деді. Өзім де, сенімді өкілім де өзімізді таныстырып жатырмыз. Бір кезде қария "Сен, Терекбайдың Ақтау қаласында әкім болған Еділімісің?" деді. "Ия, сол Еділмін" дедім.
"Айналайын, мен сені әкімдіктен кеткеннен кейін, қайда екен деп, іздеп жүр едім. Өзің келдің ғой" деді. Сенекте мені іздейтін адам бар деп ойламаппын. "Бері кел шырағым" деді. Жігіттер болып қозғалып едік, "Тек маған Еділ керек" деді ақсақал. Қасына бардым.
"Жақында маңдайыңнан сүйейін. Ақтау қаласына жасаған еңбегіңді білемін. Бірнеше рет ел мәселелерін көтеріп сөйлегеніңді көрдім. Ұсыныстарың көңілге қонымды" деп ақсақал біраз мақтау айтып тастады. Өз өмірінен де біраз хабар айтты. Біраз еңбектері жарыққа шыққан екен. Бесінбай ақсақал Қазақстанның педагогикалық академиясының профессоры екен. Маңғыстаудың біраз ғылыми атақ, дәреже алған ғалымдарын білетінмін. Бірақ Сенекте тұратын ақсақалдың профессор екенін білмеппін.
Шаруамызды қарияға айтып,Nur Otan партиясына үгіттеп жүргенімізді айттық. Ақсақал айналасын түгел сайлауға қатыстыратынын, партияға дауыс беретіндерін айтты. Шығып бара жатқанда қария құшақтап, енді жолың ашық болады деп батасын берді. "Сосын тағы бір аманатым бар" деді. "Қандай?" дедім. "Ана сырттағы кемпір мен балдарға айт, мені дұрыстап бақсын" деді. Әзілің жарасса атаңмен ойна деген, әкеміз де менімен әзілдесіп жатыр. Сыртқа шығып, соғым сойып жатқан шешеміз бен бауырларыма барып, қоштасып тұрып "Әкеміз маған аманат айтты" дедім, бәрі шаруаларын қойып маған қарады. "Аманаты сендерге арналған. Мені дұрыстап бақсын деп отыр" дедім. Шешеміз бастап бәріміз мәз болып күлдік. Қоштасып, келесі үйге жол тарттық.
#NurOtan
Nur Otan Aktau
Nur Otan Qaraqiya
#edilzhangbyrshin


