«Астана Опера» қорытынды жасайды
Ауқымды мәдени шара – «Астана Опера» театрының әлемдік тұсаукесері–өткен аптаның басты оқиғасы болды. Қазанның 21 мен 24 аралығында тұсаукесерге арналған төрт күндік мерекелі кеш өтіп, бұл күндері жаңа өнер шаңырағының астына әлемге танымал 25 елден келген дирижерлар, қоюшы режиссерлар, опера әншілері, театр директорлары мен әлемдік театр сыншыларыжиналды. Өнер саласының майталмандарымен қатар театрға астананың зиялы қауымы және Белинджери Маркиздер, Торлония ханшайымы Олимпия Вейлер, Стефан Блок, Анна Майами сынды шетелдік ақсүйектер отбасы және басқалары келді.
21 қазан басты кеш болды, бұл күні көрермен итальяндық шебер Пьера ЛуиджиПицци қойған Дж. Вердидің «Аттила» операсының тұсаукесерін тамашалады. Тұсаукесерде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевболды.
Елордаға дүние жүзіндегі заманауи сахналардың бірін тамашалауға келген әлемнің ірі театрларының басшылары, жоғары өнер сүйер қауым өз әсерлерімен бөлісті.
Дирижер Валерий Гергиевтеатр жайлы жылы лебізін білдірді: «Тамаша ұжымға, жалындатып ойнайтын жігерліжас оркестрге, тамаша хорға осы шаңырақ сәттілік әкелсін. Балет труппасына, опералық топқа, техникалық мамандарға, әкімшілікке осыншама техникалық еркіндікте, қаншама репетиция залы бар осындай кең ғимаратта жақын жылдары керемет театрды репертуармен толықтыруды тілеймін. Біз бәрін араладық, театр таң қаларлық тамаша, мен мұны күні кеше Санкт-Петерборда басқа театр ашқан адам ретінде айтып тұрмын, ол да жаңа театр. Бұл жерде мәдениетке қалай көңіл бөлетінін мен білемін, өткен жолы келгенде біз Астана мен Алматыда болдық, консерваторияда болғанымды ұмытпаспын, болашақтарыңыз зор, бүгінгі күрдеріңіз жарқын, осы сән-салтанат жоғары мақсаттарға қызмет етсін, рухани өсім бүгінде байқалатын экономикалық қуаттарыңызбен жарыссын». 
«КовентГарден»корольдік театрының төрағасы СаймонРобиде жаңа театрды сүйсіне мадақтады. ««Астана Опера» өте әдемі. Мен акустикасы мен сахнасына қатты қайран қалдым. Осындай үлкен сахнадан қойылымды тамашалайтын қазақстандықтардың бағы бар. «Астана Опера» әсем әрі жинақы, ұлы опералық театр үшін ең керегі де осы. Мені бірнеше жайт таң қалдырды, олар: әншілердің Лондон немесе Нью-Йорктегідей орындау шеберлігінің жоғарылығы, сонымен қатар жас оркестр. Жас оркестрмен өте күрделі туындыны орындап шыққан маэстроГергиев- тамаша дирижер. Бәрінен де хор ерекше әсер қалдырды. Театрдың атмосферасы керемет, көрермен операны тыңдап рақаттанды. Бұл кеш «Астана Операның» көрерменге сахнада қойылып жатқан барлық эмоцияны сезіндіре алатын ұлы театр болатынын дәлелдейтін салтанатты кеш болды. Жаңа театрдың дүниеге келуі - зор оқиға, Қазақстанның мақтан тұтатындайы бар».
Ресейдің опералық әншісі Елена Образцова, «Астана Опера» - сәулеті керемет театр екенін атап өтті. «Суретшілер ғажап екен, ложалар тамаша, мен бақыт құшағындамын», - дейді ол. Халық әртісі сонымен қатар «Аттила» операсының тұсаукесерінде болып, қандай әсер алғанымен бөлісті: «Опера жоғары еуропалық деңгейде, тамаша болды. Ерлердің де, әйелдердің де хоры ғажап. Елдар Әбдіразақов пен Анна Маркарова биіктен көріне білді, әсіресе маған Жан Тапин ұнады. Ол итальян тілін өте жақсы меңгерген екен. «Астана Опера» театрының болашағы зор», - деп сөзін жалғаған ол жаңа есігін ашқан театрға жақсы әншілер мен дирижерларды тіледі.
Дыбыстың таза және сапалы екенін, хор мен оркестрдің әлемдік стандартқа сай өте жақсы орындағаны, әртістердің асқан шеберлігі мен жоғары кәсіпқойлығы жайлы «КовентГарден» корольдік театрының техникалық директоры Стефано Паче,«Опера Актуаль» директоры Фернандо Санс Ривьере, Сербия Ұлттық Опералық театрының солисті БрониславЯтиш те айтты. Испандық журналистердің бірі, «SCHERZO» журналының өкілі Франко Сода«Астана Опера» театры сыртынан қарағанда әлемдік театрларға ұқсайтынын, ал ішіндегі Мәскеулік театрдағыдай бағаналар әсер қалдырғанын, мұндай үйлесімділікті еш жерден көрмегенін жеткізді.
Оның Ресейден келген әріптесімузыкалық сыншы Алексей Садовский,«Астана Опера» театрының басшылығы Дж. Вердидің итальяндық операсын бүгінде қалай қою керектігін жақсы білетін көрнекті режиссерді шақырғаны дұрыс шешім болғанын атап өтті.«Бұл жерде бірнеше қосылғыш: олармен сынақ жүргізуге болмайтын, олармен авангардтық дүниелерді қоюға болмайтын жас көрерменнің, белгілі бер опералық дәстүрге деген құрметтің, сондай-ақ сахнада болып жатқан көріністі сол қалпында сезінудің, осының бәрінің ебі табылып, жақсы үйлестірілген. Актерларға нақты тапсырма берілген, ал мен бүгінде әнші мен актер ұғымын бөліп қарамаймын. Бүгінгі Елдар Әбдіразақов, Анна Маркарова сияқты актерлар, жарқыраған бас пен жарқыраған сопрано кез келген күрделі көркемдік тапсырманы орындауға қабілетті. Мен оларды тыңдап отырып, олар үшін қуанышты болдым. Және де, әрине, маэстро Гергиев- бұл асқан жоғары класс музыканты. Осындай тұлғалардың бір жерде тоғысып, осындай күнде бірігіп өнер көрсетуі театрдың ашылуын сәтті етеді».
Театрдың екінші күнгі кеші, 22 қазан оқиғаға толы болды, себебі бұл күнгі шаралар ертемен басталды. Әлемдік тұсаукесерді атап өту барысында «Бүгінгі опералық өнер: дәстүрлер, жаңашылдық, болашақ» атты Халықаралықконференция өтті.
Дүние жүзінен келген баяндамашылар маңызды тақырыптарды көтеріп, тәжірибелерін ортаға салды,пікірлерімен бөлісті.Әлемдік дағдарыстың еуропалық опера мен көрермендердің келуіне әсер еткені жайлы сөз болды. Бүгінде көрерменді қызықтыру үшін озық маркетингтік әдістерге жүгініп, операны барлық халыққа қолжетімді ету қажет. Қытайда жағдай басқаша, театрдың көпшілігі опералық спектакльді мүлдем қоймайды және халықтың опералық жанды қойылымдарды тамашалауға мүмкіндігі жоқ екен. Баяндамашылардың басым бөлігі жаңа бренд -«Астана Опера» театрының дүниеге келуімен Қазақстан бүгінгі таңда бәсекеге қабілетті екенін атап өтті.
Конференциядан кейін «Астана Опера» театрының директоры әлемнің үздік театрлары және «Опера Еуропа» халықаралық опералық қауымдастығымен серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды. Осы күні кешке отандық және шетелдік өнер жұлдыздарының ғажап галаконцертіболды. Бағдарлама классикалық шығармалардан құралды. Сахнада дирижерлар Абзал Мұхитдинов пен Марко Боэми, ресейдің опералық әншісі, КСРО халық әртісі Елена Образцова, Ольга Перетятько,Елдар Әбдіразақов, Клаудио Сгура, Лучано Ганчи, симфониялық оркестр, камералық хор мен«Астана Операның»балет труппасы өнер көрсетті.
Концертке тамаша вокалиелері МайраКерей, ЖаннатБақтай, Татьяна Вицинская, Әлфия Кәрімова, СүндетБайғожин, Бауыржан Әндіржанов, Медет Шотабаев қатысты. Пианист Денис Мацуев, трубашыСергей Накаряков, скрипкашы Сергей Крыловкөрерменді өздерінің асқан шеберлігімен баурап, Үлкен театр мен «Ла Скаланың» прима-балеринасыСветлана Захароватолғанысқа толы биімен залды күшті әсерге бөледі. Әртіс«Астана Опера» театрына шығармашылық табыс пен бақыт тіледі. «Театрға тілерім, қызықты премьералары көп болсын, қызықты режиссерлары мен хореографтары көп болсын және жұмыстарыңыз қызықты болсын. Себебі әртіс үшін ең бастысы жұмысының қызық болғаны, сол кезде әртіс кәсібіне жан-тәнімен беріледі. Мен «Астана Опера» театрына жеке спектакліммен тағы келем деп үміттенемін», - дейді Захарова.
Денис Мацуевконцерттен кейін өз жоспарымен бөлісті: ««Астана Операда»бөлек бағдарламаны жүзеге асыруға болады, мен керемет скрипкашы - Сергей Крыловты, тамаша әнші - Ольга Перетятько сияқты көптеген ерекше әртістерді ұсынар едім. Сергей Накоряковты әлемдік баспасөзде «Трубаның Паганиниі» деп атайдыжәне мен алдағы уақытта да түрлі концерттік бағдарламалар өткізуде көмектесуге дайынмын, бұл жерде түрлі орындаушыларды шақырып, абонемент жасауға болады», - деп ұсынды Мацуев.
Әлемдік тұсаукесердің үшінші кешінде 23 қазанда Дж. Вердидіңмәңгі өлмес «Аттила» операсы қайталанды, тек бұл жолы Марко Боэмидирижерлық етті.
«Театронда жұмыс істейтін адамдармен өмір сүреді. Біздің бағымызға орай, барлық опералық құрамда көз алдыңа елестетуге болатын кілең үздіктер.«Астана Операда» жұмыс істейтіндермен бірге еңбек ету мені нағыз рақатқа бөледі. Театрдың оркестрі өте жас мамандардан құралған. Мен үшін жас адамдармен жұмыс жасау қашанда рақат, олардың бойында құлшыныс, үйренуге және істеген ісінен нәтиже шығаруға деген ынта бар», - дейдіБоэми.
24 қазанда «Астана Опера» театры Әлемдік тұсаукесерді ««Астана Опера» жұлдыздары» атты гала концертпен аяқтады.
Кеш бағдарламасында Дж. Верди, Дж. Пуччини, Ж. Массне, А. Каталани, П. Чайковский, Дж. Россини және басқа ұлы классиктердің шығармалары шырқалды.
Еліміздің басты сахнасында жас театрдың оркестрі мен хорының әуені жан тербетіп, сондай-ақжүректі баурап алатын вокал иелері Медет Шотабаев, ЖаннатБақтай, Айгүл Ниязова, Әлфия Кәрімова ГүлзатДауырбаева, ДинаХамзина,Талғат Мұсабаев, СүндетБайғожин және басқалары өнер көрсетті.
КонцерттеК. Орфаның «Кармина Бурана» кантатасынанқойылған үзінді көрерменді еліктіріп, қонақтар неміс композиторының жүректі баурап алатын әуенін үзіліске әндетіп шықты.
Екінші бөлімде көрермен демін ішке тартып, балет шығармаларының сахналануын тамашалады. Әсіресе БақтиярАдамжан, Арман Оразов, Еркін Рахматуллаев пен СерікНақысбековтің асқан шеберлікпен орындаған Николаевскийдің «Гопак» балеті көрермен көңілін көкке көтерді.
Қортындылай келе, «Астана Опера» театрының Әлемдік тұсаукесері халықаралық және мәдени қоғамдастықты одан ары байытып, қызығушылық тудырып, Қазақстан Республикасының басты сахнасының мүмкіндіктері көп қырлы екенін паш еткен ірі көлемдегі шара болғанын атап өте аламыз.
