Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Астана Опера» серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды

«Астана Опера» МОБТ 22 қазанда «Опера Европа» (Ұлыбритания)халықаралық опералық қауымдастығы директорыНиколас Пэйнмен және сегіз әлемдік театрлар: Опера (ОАР)–басқарушы директорыРоберт Уильямс, ШанхайдыңҮлкен Театры (Қытай) – арт директорыШиджинКсиан,Лирикалық Опера (Сингапур)–төрағасы Вэн Чон То, Қоғамдық Театр (Италия) - президенті Барбара Мингетти, Де ля Рошакадемиясы(Франция) –бас директоры Жанетт Астер, Операжәне Балет Ұлттық Театры(Болгария) - бас директорыПламенКарталов, ATER (Италия)- директоры Эмилия Романья, Палиашвилиат. Грузияның операжәне балет театры (Грузия) – әртістер жөніндегі директорыДжорджио Джорданимен серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды, бұған дейін Рим операсымен де меморандумға қол қойылған. Әлемнің жетекші опералық театры «Ковент-Гарденмен» алдын ала келісім жүргізілгенін де айта кету керек.

Шетелдік серіктестермен ынтымақтастық мамандарымызбен, әртістерімізбен, орындаушылар ұжымымен екі жақты тәжірибе алмасуда және балет, опера және симфониялық өнер аясындағы аса маңызды оқиғалар, сондай-ақ театрлардың музыкалық және театрлық өмірлері жайлы ақпарат алмасуда үлкен серпін береді.

«Астана Опера» МОБТдиректорыТөлеген Мұхамеджанов, «Халықаралық арена өкілдерінің бізбен бірігіп жұмыс істеуге тілек білдіргені біз үшін үлкен мәртебе. Осылайша біз әлемге есігімізді ашамыз. Ірі театр өкілдері еліміздің бас театрының мүмкіндіктері қаншалықты көп қырлы екенін көрді және бізге үлкен қызығушылық танытты»деді.

«Астана Опера» серіктестері екі жақтың жан-жақты ынтымақтастығы достық байланыстың тиімді дамып, нығаюына, балет, опера және симфониялық өнер аясында, театрлық-қойылымдық қызметте мәдени тәжірибе алмасуға, солисттер мен шығармашылық ұжымдар арасында гастрольдер ұйымдастыруға себепші болатынына сенімді.

«Астана Опера» театры мүшесі болып келетін «Опера Европа» (Ұлыбритания) халықаралық опералық қауымдастығының директоры Николас Пэйн театрымызбен алда атқарылатын жұмыстар және жоспарлар жайлы айтып берді.

«Мен «Опера Европа» атты ұйымымның атынан келіп отырмын. Бұл жерде, «Астана Операда» театрға барынша қолдау көрсетуге келдім. Әр театрдың орны бөлек. Біздің ұйымымызға 135театр мүше және олардың әрқайсысының өз сұранысы бар. Ал «Астана Операға» келетін болсақ, менің ойымша, театр Еуропаның басқа да елдерімен серіктестік құруды мақсат етіп отыр, осы тұрғыда біз көмектесе аламыз. Мүмкін біріккен қойылымдар болады немесе сарапшы кәсіпқойлар осында келеді, бәлкім «Астана Опера» театрының директоры немесе өзге өкілдері конференциямыздың біріне келіп қатысса, басқа опералық театрлардың адамдарымен кездесе алады. Бұл ақпарат пен тәжірибе алмастырып, серіктестікке жол ашатын керемет мүмкіндік», - дейді Николас Пэйн.

Болашақта «Астана Опера» театрының басшылығы өзге де әлемдік театрлармен серіктестікті кеңейтуді жоспарлап отыр.

0
0
576

Осы тақырып бойынша

«Астана Опера» серіктестік жөнінде меморандумға қол қойды - Yvision.kz