Мазмұнға өту
TRK_kaz

TRK_kaz

Сайтта 2015 ж. 8 маусым

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 026

пікірлер

0

тіркелуші

20

жазылу

1

Астанада Мария Ладоның «Очень простая история» атты спектаклінің премьерасы өтеді

20 маусым күні Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Мария Ладоның «Очень простая история» атты спектаклінің премьерасы өтеді. Қойылымда махаббат пен ашу, қуаныш пен қайғы да бар. Сондай-ақ, онда өмір мен өлім туралы баяндалады. Сюжет желісі бойынша ауылдағы екі жас бір-біріне ғашық. Бойжеткеннің аяғы ауыр екенін білсе де, әкесі бұл некеге қарсы. Ол жігіттің маскүнем әкесімен құда болғысы келмейді. Осылайша, қыздың ата-анасы әлі дүниеге келмеген шарананы алдырып тастауға бекінеді. Автор қойылымда айтпақ ойын үй жануарлары арқылы көрсетеді. Ақылды жылқы, уайымшыл сиыр, мейірімді ит, өзімшіл қораз және арманшыл шошқа пьесаның негізгі кейіпкерлеріне айналады. Олар бір-біріне қатыгез болған адамдар үшін жанын беруге даяр. Туындының қоюшы режиссері - ҚР Еңбек сіңірген әртісі Бекболат Па…

0
0
209

«Дала дауысы» радиофестиваліне қатысуға өтінімдер қабылданады

Қазақ радиосы халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалінің IV маусымына өтінімдер қабылдайды. Халықаралық «Дала дауысы» радиофестивалі дүниежүзі елдері арасында өткізіледі. Фестивальда әнді жазушы тұлғалар (композитор, ақын, өңдеуші) емес, тек орындаушылар ғана марапатталады. Қатысушыларға : - Қазақтың халық және халық композиторларының әндерін (дәстүрлі әндер); - Академиялық бағыттағы қазақ композиторларының әндерін (қазақ операларынан ариялар, жекелеген әндер); - Заманауи әндерді (эстрадалық), түрлі орындаушылық мәнерде (дәстүрлі, еуропалық академиялық, эстрадалық), түрлі стильде (классикалық, эстрадалық, поп, рок, реп, хип-хоп т.б.) орындауға еркіндік беріледі. Үміткерлерге қойылатын талаптар: Фестивальге қатысуға «Дәстүрлі ән», «Эстрадалық ән», «Этноэстрадалық ән», «Академиялық ән» ном…

0
0
376

«Балапан» көрерменіне екі жаңалық ұсынады

Достар, «Балапан» телеарнасының сендерге арналған керемет жаңалықтары бар! Көңілді бағдарламаларды жіберіп алмаймын десең бізбен бірге бол және ары қарай мұқият оқы. Сонымен... алғашқы жаңалығымыз: «Балапан» телеарнасы «Сиқырлы смурфтер» мультфильмін ұсынады! Осы аптада «Сиқырлы смурфтер» мультфильмін бізбен бірге тамашалаңдар. Бұл мультфильмде Нью-Йорк атты үлкен қалаға тап болған смурфтердің басынан кешкен оқиғалары баяндалады. Алыс шалғайдағы сиқырлы мекенде бойлары алмадай ғана көк түсті смурфтер алаңсыз өмір сүреді. Бір күні зұлым Гаргамель олардың тыңыш өмірінің шырқын бұзады. Қастандық жасап, оларды сиқырлап тастайды. Сөйтіп, смурфтер таңғажайып әлемінен Нью-Йорк қаласының Орталық саябағынан бір-ақ шығады. Кішкентай смурфтер өздерінің әлеміне қайтуға тырысады. «Кішкентай смурфтер»…

0
0
3166

Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев: ТОП-ондық

Кезінде КВН ойнап, қазақстандықтардың мақтанышына, сүйсінген сүйікті тұлғасына айналған Нұрлан Қоянбаев қазір «Қазақстан» телеарнасында тамаша бағдарлама жүргізетінін қалың көпшілік жақсы біледі. Және «Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев» деп дүйсенбі мен бейсенбі аралығында 22:40-та көрсетілетін жобаны ел сүйіп көреді. Ұлттық арна сахнасына жаңаша бағыт пен жаңалық алып келген "Түнгі Студия" бағдарламасы маусым айында уақытша қысқа демалысқа кетті. Осы аралықта ең үздік бағдарламаларды эфир уақытында тамашалау мүмкіндігі арнамыздың көрермендеріне бұйырды. Жоба ұжымы толыққанды жұмыс тәртібіне қайта көшкенге дейін сіздерге бағдарламының Youtube-арнасындағы ең танымал 10 бөлімін көруді ұсынамыз. 10-орын: Атай Өмірзақов 9-орын: Айқын Төлепберген 8-орын: Дилназ Ахмадиева 7-орын: Айнұр Тұрсынбаева…

0
0
870

Ұлттық арнада «Қазына» телехикаясы жүріп жатыр

Осы жылдың 2 маусымнан бастап "Қазақстан" ұлттық телеарнасында отандық "Қазына" телехикаясы көрсетіліп жатыр. Телефильмде бүгінгі күні белең алып, заманның ерекше алаңдататын тақырыбына айналған есірткі тасымалы мәселесі көтеріледі. Оқиға Қазақ елінің өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы басынан кешкен тарихи сәтінен бастау алады. Сюжетте Ауғанстанда туып, ер жеткен Әли деген қазақ жігіті ұшақпен Ақтауға келе жатып, 1987 жылы атасының айтқан сөздерін еске алады. Аталары кезінде қазақ жеріне қазынасын тығып кеткен еді. Қазақ жеріне жеткен Әли Ақтаудағы Жұмбақтауға барып, атасынан қалған мұраны іздейді. Міне, оқиға осы жерден шиеленісе бастайды. Телехикая көрермендерге патриотизмді насихаттап, құқық қорғау саласы қызметкерлерінің ерен еңбегін, Отанға, отбасына деген махаббатты дәріптеп, есі…

0
0
501

«Астананың» тарихы

Он алты жылдан астам уақыт бойы тыңдармандарға соны ақпарат, қажетті мәлімет, керекті бағдарлама ұсынып келе жатқан «Астана» радиосы қазақстандықтардың құрметі мен жылы лебізіне, ыстық ықыласына ие болып жүр. Бұл жолы сіздерге радиомызыздың тарихы туралы әңгімелеп беруді жөн көріп отырмыз. «Астана» радиосы – ақпаратты-музыкалық радиостанция. Ең алғаш 1999 жылы 19 қаңтарда 101.4 FM толқынында эфирге шықты. Осы уақыттан бастап, радио қызметкерлері «Ең таңдаулысы сен үшін» деген ұранмен қызмет атқаруда. Эфирдегі жалпы уақыты – 19 сағат. 2003 жылдың 1 ақпанынан бастап, «Астана» радиосы өзінің эфирлік форматын жаңартып, заман талабына сай, сандық құрылғылармен жұмыс істейді. Хабарлардың 60 пайызы қазақ тілінде, 40 пайызы орыс тілінде шығарылады. Сонымен қатар, радионы интернет желісі арқылы ты…

0
0
345

Жексенбіні жақсы өткіз!

Біздің заманымыздың 321 жылы 7 наурызда Рим императоры Константин жексенбіні демалыс күні деп жариялайды. Біздің бүгінгі аптаның соңғы күні деп, арқа-жарқа демалып, тынығып алатынымыз, сірә, осы билеушінің арқасында шығар. Жұмыс аптасы алдында сергіп, шаршағанымызды басып, әл-қуат, күш жинауға мүмкіндік беретін жексенбіні жақсы көрмейтін адам кемде-кем. Бұған, «Қазақстан» ұлттық арнасынан берілетін «Бүгін жексенбі» атты керемет бағдарламаны тамашалау мүмкіндігі бар екенін ескерсек, көңіліміз еселеп өседі емес пе!? Осы қазір жетінші күн мен журналистиканың байланысы туралы қызықты факт оқып, алдағы уақытта біздің жобамызды жібермей көруді ұсынамыз. Көптеген күн сайын шығатын британ және американ газеттері жексенбіде шығатын басылымы нөмірін адамды елітіп, қызықтырып әкететіндей қылып беруг…

0
0
1691

Ләйлә Сұлтанқызы: Мені қоғамда, әйелдердің өмірінде болып жатқан барлық дүние қызықтырады

«Қазақстан» ұлттық арнасынан берілетін «Әйел бақыты» бағдарламасына қазіргі күннің алғыр бойжеткенінен бастап, ауылдағы қарапайым қазақ келіндері мен қаладағы іскер әйелдердің бастарынан өткен шынайы оқиғалары арқау болып отыр. Ашық әңгіме түрінде өтетін сұхбат қай-қай көрерменді болмасын қызықтыра алады. Жоба нәзік жанды арулардың жан дүниесін ашып көрсетіп, қиындықтары туралы әңгімелейді. Оларға серік болып, қажет жерде кеңес беруді көздейді. Мақсаты - қазақ әйелінің ең үздік, ең жарқын бейнесін қалыптастырып, халық арасына насихаттау. Қазіргі заман әйеліне отбасы мен қоғам арасына үйлесім орнатуға көмектесу. Халқымыздың дәстүрімен, заманмен үйлестіре отырып, әйелдердің өзіне деген сенімін ояту, қолдау көрсету. Бүгін жоба жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызының бұған дейін жарияланған сұхбаты н…

0
0
1456

Аптаның айшықты оқиғалары – «Apta.kz»-те

Еліміздегі және жаһандағы өзекті жаңалықтар легін бүгін 20:00-де Ұлттық арнадан көре аласыздар. Осы аптада Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтті. Астанада 2003 жылдан бері тұрақты түрде өтіп келе жатқан дін көшбасшылары съезінің бүгінде өзіндік тарихы қалыптасып үлгерді. Руһани көшбасшылар ортаға тастаған ұсыныстар, салмақты ойлар, құнды пікірлер ұрпаққа аманат етуге болатын құндылық. Сондықтан, отырыста Мемлекет басшысы Бейбітшілік және келісім сарайында арнайы музей ұйымдастыруды ұсынды. Сондай-ақ, Қазақ Президенті Ақордада съезге келген бірнеше өкілді қабылдады. Олар не айтты? Президент қандай ұсыныс жасады? Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысы нені талқыға салды? Экологиялық қауіпсіздіктің жайы, қоршаған ортаны қорғ…

0
0
218

Ұлттық арнада — «Идальго» фильмі

Режиссёр Джо Джонстонның «Идальго» фильмі 2004 жылы түсірілген.


Фильм сюжеті бойынша арабтың шөл даласында бай-бағландар «От мұхиты» атты 3000 миль дистанциялық ат жарысы дәстүрлі түрде өткізетін еді. Мұнда мың жылдан бері тек мықты деген араб жылқылары қатыстырылатын.  1890 жылы дәулетті шейх алғаш рет жарысқа шетелдік шабандозды қатыстырмаққа бел буады.

Вигго Мортенсен, Зулейха Робинсон, Омар Шариф сынды актерлер ойнаған «Идальго» шытырман оқиғалы фильмін бүгін 00:50-де Ұлттық арнадан көре аласыздар.

0
0
1035