Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Петропавлда Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтті

Петропавл қаласында Қазақстан полициясы күніне, сондай-ақ, «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының 90 жылдығына арналған салтанатты шара ұйымдастырылды.

Оған облыс әкімі Ерік Сұлтанов, олимпиада чемпионы Александр Винокуров пен «Динамо» спорт қоғамы Орталық кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов қатысты.

Салтанатты шара аясында үздік деп танылған тәртіп сақшылары марапаттауларға ие болды, сондай-ақ, бірнеше құқық қорғау қызметкері кезекті қызметтік шендерін алды. Сонымен қатар, бұл күні күш құрылымдары арасында өткізілген жазғы спартакиаданың жеңімпаздары жарияланды.

Салтанатты шараға қатысқан  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов жиналғандарды Қазақстан полициясы күнімен және «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамының  90 жылдығымен  құттықтап, тәртіп сақтау саласындағы елеулі  жетістіктеріне тоқталды.

Департамент бастығы Берік Біләловқа облыс әкімі атынан құрмет грамотасы мен Олимпиада комитетінің белгісі берілді.   Ішкі істер органдарының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін облыс әкімі Ерік Сұлтанов Қазақстан Республикасының ІІД құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан полициясы күніне орай қызметте, қоғамдық тәртіпті күзету және қылмыспен күресуде жоғары жетістіктерге қол жеткізген 15  тәртіп сақшысы ҚР Ішкі істер министрі құқығымен марапатталды.

Жергілікті он төрт құқық қорғау органдары өкілі Петропавл облысының әкімінің атынан түрлі нарграда алды, алтауына құрмет грамотасы берілді.

Сонымен қатар, ішкі істер органдарындағы адал және мінсіз қызметі, жеке тәртіптілігі үшін 60 астам полицей департамент бастығының грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталды.

Ал, қаламыздағы құрылғанына тоқсан  жыл толғалы отырған «Динамо» спорт қоғамының тәрбиеленушілері тек еліміз бойынша ғана емес, күллі әлемге де танымал. Олардың арасынан аты мәшһүр талай спортшы шыққан. Ішкі істер органдарымен тығыз байланысы мен отандық спорттың және динамолық қозғалыстың дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Асқар Омарқұлов пен Александр Винокуровқа құрмет грамоталары табысталды.

Облыс әкімі Ерік Сұлтанов спартакиаданың барлық 5 спорт түрінен өздерін мықты етіп көрсеткен командаларды кубок, грамота және бағалы сыйлықтармен марапаттады.  Нәтижесінде,бас жүлде  лада гранта автоколігіне облыстық ішкі істер Департаментінің командасы ие болды.

0
0
283

Осы тақырып бойынша

Петропавлда Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтті - Yvision.kz