Өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінде алғашқы институционалдық реформа талқыланды
Ағымдағы жылдың 21 тамызында ҚР инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің мәжіліс залында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және «100 нақты қадам» ұлт жоспарының алғашқы «Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» бөлімінің талаптарын түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға ҚР инвестициялар және даму министрлігі индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары М. Назаралиев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы Е. Жұмабай, департаменттің сы…