Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия шекарашыларға түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің (әрі қарай - Департамент) ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың  4 қыркүйегінде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жағалау күзеті Өңірлік Басқармасында «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия талаптарын түсіндіру мақсатындағы лекция өткізілді.

Іс-шара барысында Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің басшысы                    Ербол Жұмабай іс-шараның мақсаты, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының талаптары,  Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен оның орындалу барысы бойынша түсіндіріп өтті.

Сонымен бірге Департаменттің жаңа жұмыс бағыттары – талдау және сыбайлас жемқорлық қатерлерін анықтау, жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бойынша сөз қозғалды.

Өз кезегінде Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Ақмарал Сванбаева әскери қызметшілерге ҚР Қылмыстық кодексінің, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға қатысты баптарымен таныстырып өтті. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және қылмыстарға қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жауапкершіліктері туралы сөз етіп, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексінің талаптарын жеткізді.

Сөз соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, бейнероликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

0
0
336

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия шекарашыларға түсіндірілді - Yvision.kz