Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының талаптары Бейнеу ауданында түсіндірілді
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Бейнеу аудандық кітапханасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы институционалдық реформасының талаптарын түсіндіру бойынша семинар өткізілді.
Іс-шара барысында Бейнеу ауданы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі басшысының орынбасары А.Бегимов Департамент қызметінің басым бағыттары, «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты ҚР Президентінің Халыққа Жолдауы және «100 нақты қадам» жоспарының талаптары, Қазақстан Республикасының 2015-2025 ж.ж. арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен облыс тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті көтеру бойынша атқарылып жатқан іс-шаралармен таныстырып өтті.
Іс-шара соңында семинар қатысушыларына Агенттіктің ресми www.anticorruption.gov.kz сайтының, өтініштерді қабылдауға арналған www.1494.kz порталының, 1494 Call-центрінің жұмысы, Департаменттің ресми anticorruption-mangystau.kz порталындағы басшының жеке блогына арыз-шағым түсіру мүмкіндігі бойынша және республикалық «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналы туралы ақпарат беріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы жадынамалар таратылып, тақырыптық бейнорликтер көрсетіліп, әлеуметтік сауалнама жүргізілді.

