Неге қазақ халқы имам Әбу Ханифа мазхабын ұстанады?
«Адамнан бәрін жасауға болады. Тек оның әлсіз жерін таба білсеңіз болды» Адольф фон Книгге. Ақтөбеде орын алған қайғылы жағдай біздің қоғамда сенім мәселесі аса ушығып тұрғанын көрсетті. Былай қарағанда, имамдар мен дінтанушылар, тарихшылар мен басқа да идеология саласының қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр. Дін мен дәстүр мәселесіне қатысты түрлі жиындар, кездесулер мен дөңгелек үстелдер өткізіліп жатыр. Бірақ жүргізілген жұмыстардың нәтижесі ойдағыдай емес. Ендеше жұмыс тәсілін өзгерту керек. Мүмкіндігі болғанынша, елді мекендерге шығып, ауыл клубтары немесе мектеп залдарында тұрғындармен тікелей кездесу өткізген тиімді. Жергілікті телеарналарда дін мен дәстүр төңірегінде жиірек дөңгелек үстелдер өткізілгені абзал. Ең бастысы, тыңдарманды жалықтырып алмау жағын ойлау керек.. Сондықтан б…