Мазмұнға өту
Omirhan

Өмiр Шыныбекұлы

@Omirhan

Сайтта 2011 ж. 3 тамызКазахстан, Шымкент

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

75

пікірлер

96

тіркелуші

18

жазылымдар

6

Неліктен Бұрындық хан қазақ тарихынан өзінің лайықты орнын ала алмады?

Керей мен Жәнібектен соң іргесі бекіген Қазақ Ордасының тағына Керейдің ұлы Бұрындық отырды. Заманымыздың заңғар тарихшы-жазушысы М. Мағауин «Жәнібек өлгеннен соң аға баласы ретінде Керейдің ұлы Бұрындық хан көтерілді» дейді (Қазақ тарихының әліппесі. Алматы-1995). (Мұхамед Хайдар Дулатидің өзінің атақты «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде Керейден кейін хан тағына оның ұлы Бұрындық отырды деп көрсетеді). Қалай болғанда да, атақты тарихшы Т. И. Сұлтановтың пікірі бойынша 1473-74 жылдардан бастап Бұрындық хан билік құра бастады (Султанов Т.И. Кочевые племена Приаралья в XV-XVII вв. (вопросы этнической и социальной истории). Москва, Главная редакция восточной литературы, 1982.). Бұрындықтың туған жылы белгісіз. Ал, қайтыс болған жылын зерттеушілер -1511 ж. деп көрсетіп жүр. Алып күштің иесі Бұр…

1
0
3717

«Әлемді әйел билейді!»

«Әлемді әйел билейді!» Қазақстанды екінші әйел (тоқал) билейді! Мұғалімнің жұмысының ең бір керемет сәті жазғы дем алыс – 56 күн өз еркің өзіңде! Рахат! Жағдайың көтерсе, Гуамға бар, көтермесе Өгемге бар! Сондай бір жазғы демалыстың бірінде әдеттегідей иықта қара сөмке, қолда фотоаппарат – тау аралап келе жатырмын! Маусымның басы – Сайрамсу бойы! Айнала бас айналарлықтай керемет! Бүр жарған гүл мен орылған шөптің иісі араласып, танауды қытықтайды. Сол сұлулыққа тоймай, құдайдың адам етіп жаратқанына іштей шүкіршілік етіп келе жатқанымда, алдымнан Газельге шөп артып жатқан шөпшілер көрінді. Ескі әдетіммен, соны тарих естіп қалам ба деген үмітпен, көзіммен әлгілердің арасынан егделеу адам іздей бастадым. Іздегенім, машинадан арқан тастам жердегі аршаның түбінде жатыр екен. Шөпшілерді қоя тұ…

0
0
554

Қазақ хандығы және Моғолстан мемлекеті құрамындағы тайпалар

Қазақ хандығы және Моғолстан мемлекеті құрамындағы тайпалар. 2015 жылы қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтетініне орай Елбасы тапсырмасымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі үлкен тұжырымдама әзірлегені белгілі. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы “Тұжырымдама бойынша 2015 жылы ғылыми-көпшілік, деректі, көркем фильмдер шығады. Оның ішінде Елбасы тапсырмасымен қазақ хандығына арналған 20 сериялы үлкен фильм түсірілетінін ерекше атап өткім келіп тұр. Бұл не үшін керек деген сұрақтар бар. Қазіргі кезде қазақ хандығына қатысты ғалымдардың тұжырымы бір жолға түскен кезде көркемдік жанрға шығаруымыз керек”, – деп мәлімдеме жасаған болатын Министрдің сөзіне сенсек, 2015 жылдың қаңтарынан бастап сериалды түсіру жұмыстары басталатын кө…

0
0
5763

Оңтүстік Қазақстан облысын мекендейтін қазақтың ру-тайпалары

Оңтүстік Қазақстан облысын мекендейтін қазақтың ру-тайпалары Қазақ халқын өзге ұлттардан ерекшелендіретін дәстүрлерінің бірі және қатаң генетикалық заңы – экзогамия. Яғни бір қауым мүшелері арасындағы некеге тиым салу, қан араластыруға (инцест) жол бермеу. Біздіңше, ата-бабаларымыз осы салтты тым ертеден-ақ қолға алса керек. Олардың кейбір жұптардан балалардың дені сау, ал кейбіреулерінен дімкәс немесе мүгедек болып туылатынына назар аудармауы, ойланбауы мүмкін емес. Өздерін «жылқы мінездес» деп айтатын, бүкіл өмірлері ат үстінде өткен аталарымыздың қан араластыруға жол бермеуіне жылқы да өз әсерін тигізсе керек. Ал жылқы ешқашан қан араластырмайды екен. Тай, ересек құнаннан дөнен шығып, «апа-қарындастарына» мекіренер жасқа жеткенде үйір егесі – кексе айғыр оны талап, теуіп-тістелеп үйірд…

0
1
31086

Білім берудегі «Кембридж технологиясы» туралы

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары! «Жастар біздің болашағымыз!» деген ұлағатты сөзге сенетін барлық азаматтар ―сіздерге! Өз ұрпағының болашағына бей-жай қарай алмайтын барлық азаматтарға! Жасыратын жоқ, білім беру жүйесі терең дағдарысқа ұшырағанын барлығымыз біліп отырмыз. Қоғам да, ұстаздар да бір өзгеріс керек екенін іштей сезінеді. Бірақ, «нені» және «қалай» өзгерту керек екенін тап басып ешкім айта алмайды. Көпшілігі «Егер ұстаздардың жалақысы көтерілсе, білім беру сапасы да көтеріледі» - деген үстірттеу ұстанымда екені де жасырын емес. 2012 ж. бастап, еліміздің жетекші мамандары Кембридж (Ұлыбритания) университетінің Білім беру факультетінің әлемдік білім беру жүйесінің ең озық әдіс-тәсілдерін меңгерген ғалымдарымен бірлесе отырып, жасап шығарған педагогтердің білімін жетілдіру…

0
1
2448

«ҚАТАҒАН ҚЫРҒЫНЫ» немесе Жолбарыс ханның ажалы неден болды?

Елбасының тапсырмасымен Мемлекеттік хатшының ел тарихына тереңірек көңіл бөліп, ден қоюға шақыруы өз тарихымызды қайта түстеп-түгендеуге, саралауға, түрлі себептермен кезінде кеткен қателіктер мен жаңсақтықтарды түзетуге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Осы мәселеге байланысты өткен «дөңгелек үстелде» («Ел қамын жеген ерлердің, сөз білген жанда қақы бар», «Егемен Қазақстан» газеті, 27.07.13 ж. ) Сауытбек Әбдірахманов: «Тарих пен әдебиеттің табиғаты ортақ. Біз айтатын тарихи дастандар сол замандар үшін тарихи тақырыптың игерілуі» деп тарихи дастандарды зерделеу мәселесін өте орынды көтерді. Ия, шынында да, Қазақтың тарихын, басқа біреу қазақтан артық жаза алады дегенге сену қиын! Сол ескі жырларымыз бен тарихи дастандарымызды шұқшиып, тереңірек зерттесек өзіміз құдай сөзіндей сенетін шетелдік м…

1
0
14403

«ҚАТАҒАН ҚЫРҒЫНЫ» немесе Жолбарыс ханның ажалы неден болды?

Елбасының тапсырмасымен Мемлекеттік хатшының ел тарихына тереңірек көңіл бөліп, ден қоюға шақыруы өз тарихымызды қайта түстеп-түгендеуге, саралауға, түрлі себептермен кезінде кеткен қателіктер мен жаңсақтықтарды түзетуге үлкен мүмкіндік беріп отыр. Осы мәселеге байланысты өткен «дөңгелек үстелде» («Ел қамын жеген ерлердің, сөз білген жанда қақы бар», «Егемен Қазақстан» газеті, 27.07.13 ж. ) Сауытбек Әбдірахманов: «Тарих пен әдебиеттің табиғаты ортақ. Біз айтатын тарихи дастандар сол замандар үшін тарихи тақырыптың игерілуі» деп тарихи дастандарды зерделеу мәселесін өте орынды көтерді. Ия, шынында да, Қазақтың тарихын, басқа біреу қазақтан артық жаза алады дегенге сену қиын! Сол ескі жырларымыз бен тарихи дастандарымызды шұқшиып, тереңірек зерттесек өзіміз құдай сөзіндей сенетін шетелдік м…

0
0
2317

ZАМАN-ҚАЗАҚСТАН порталындағы «Блогерлер кімге қызмет етеді?» атты мақалаға пікір

Блогшылар кімге қызмет етеді деген сұрақты қою әзірге ерте болар! Неге? Түсіндірмелі сөздіктерде «Блогшы» ұғымының бірнеше баламасы берілген, ондықтан оған тоқталып жату артық болар?! Араб елдерінде әлеуметтік желілерде «тұтанып», соңы қанды қырғынға айналған оқиғалардан кейін «Блогшы» ұғымының қандай күш екені бәріне түсінікті болды. Блогшылар өткен жылы Ресей билік өкілдерін өздерімен санасуға мәжбүрледі ("Оккупай-Абай"). Блогшылар демей-ақ қояйық, әлеуметтік желілерді пайдаланушылармен «бейбіт қарым-қатынас» жасау, тіпті мүмкін болса өз жағына тарту керек екенін Қазақстанда алғаш Оңтүстік Қазақстан облысы басшылығы терең түсінгенін байқадық. Қалай болғанда да Блогқұрылтай өткізуге әкімшілік тарапынан үлкен қолду көрсетілгенінен ешкім ұтылған жоқ. Тіпті, мұны қоғамның бір қадам алға жыл…

0
0
707

Бекасыл әулие

Бекасыл әулие ...Тектіден текті туады, Тектілік тұқым қуады. Тектілердің тұяғы, Таңдайды құз-қияны. Шын тектілер халқы үшін, Өлімге басын қияды. Жақсы, жаман деместен, Жанына жұртын жияды... Бекасыл әулие. Бүкіл саналы ғұмырын халықтың руханиятын көтеруге жұмсаған, мешіт салдырып, бала оқытқан Бекасыл баба (1822-1915 ж.ж.) туралы көп естеліктер жазылды, айтылды. Әлі де жазылары, айтылары хақ! Өкінішке орай, неше жерден «көзіміз ашық» дегенмен, бабаның әзірге табылған жалғыз мұрасы ―«Жұлдызнаманы» толық меңгеру тұрмақ ―оқуға, түсінуге ешбіріміздің тісіміз батпай отыр. Сондықтан, біз өреміз жеткенше бабаның шыққан тегі мен ел аузында сақталып қалған жекелеген сөздерін саралауға тырысып көрдік... Жоғарыда көрсеткеніміздей, ғұламаның «тектілік» төңірегінде көп толғанғаны байқалады, тіпті осы…

0
0
18137

«Ауыл (әулет) тарихы ― қазақ тарихы»

«Ауыл (әулет) тарихы ― қазақ тарихы» «Мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен ең қаралы қасіреттің бірі ―1932-33 жылдардағы ашаршылықтың 80-жылдығына байланысты, осы тақырып жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен айтылып жатыр. Бірақ, өкінішке орай көпшілігі М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев, Т.Омарбеков сияқты белді тарихшыларымыз бен америкалық зерттеуші Марта Олкоттың жалпы республика көлеміндегі жүргізген зерттеулері мен Т.Рысқұловтың И.Сталинге жазған хатында келтірілген деректерді қайталаудан аса алмауда. Бұл дегеніміз, осы бағыттағы зерттеулердің кем екендігінің көрсеткіші болса керек. Қазақтарды күштеп отырғызу туралы Қазақ АКСР- і ХКК –нің 1928 ж. 30 тамызында қабылданған «Қазақстанның көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы аудандарын белгілеу» туралы әйгілі Қаулысын…

0
0
5032