Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Барлық әйел бақытты болғысы келеді...

Еліміз ажырасу бойынша әлем елдері арасында алғашқы ондыққа еніпті...

Әрине, барлық әйел бақытты болғысы келеді.

Сондықтан, ерінен ажырасқан әйел екінші немесе үшінші рет ерге шығып жатады.

Әйел үшін ол жақсы болуы мүмкін. Бірақ бақытты болып кеткені сирек.

Өгей әкенің барлығы бірдей әйелдің артынан келген баланы қабылдай бермейді. Көп жағдайда бала үшін шешесінің екінші рет ерге шығуы трагедияға айналады.

Кейбір азғындар өгей қызына қол салып жатады. Біз тек қылмысы әшкере болғандарын ғана білеміз.

Тағдырына үнсіз көніп жүрген қыз балалардың саны қанша екенін ешкім тіпті шамалап та айта алмайды. Кейбір шешелер біле тұра түрлі себептермен ерінің азғындығын жасырады.

Жасынан зорлық көрген қыз баланың кейінгі өмірін көзге елестетудің өзі қорқынышты..

Ұл балалардың жағдайы да содан алыс емес.

Өгей әкенің ызғарлы сөзін естіп, таяғын жемеген, өсе келе жаға жыртыспаған бала сирек.

Өміріне өкпелі балалар айналадағының бәрін дұшпан көреді.

Шешелері ондай балаларға қатты сөйлей де алмайды. Бала естияр болса, шешесін кейінгі  күйеуімен «көзге шұқып» сөйлетпей тастайды..

Мұндай балалардың мектептегі тәртібі де қалай екені белгілі..

Тәжірибелі мұғалім баланың ішіндегі қайғыны бірден байқайды. Бірақ мұндай жағдайда мұғалімнің де мүмкіндігі шектеулі. Оның үстіне мектеп мұғалімдерінің 85-90 пайызы әйел. Оның кемі тең жартысы ажырасқан...

Отбасылы деген педагогтің  өзі  отбасын ілдалдалап әрең асырап жүргенде, біреудің баласының мұң-шерін жүрегімен қабылдай қоюы да қиын.

Ал, келіншектер!

Таңдау сіздерде!

Сізге  бала қымбат па?

Әлде баланың өгей әкесі қымбат па?

 

 

2
0
1860

Осы тақырып бойынша

Барлық әйел бақытты болғысы келеді... - Yvision.kz