Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Көп созбай латын әліпбиіне ертерек өту керек

Латын әрпіне өту идеясы Елбасының аузынан алғаш рет 2012 ж. шыққан болатын.  Ол кезде мүмкін ертелеу болған шығар. Енді кешеуілдетуге болмайды.

Біріншіден, латын әліпбиіне ауысу бізді халықаралық қауымдастықпен интеграциялануымызды жеделдетеді.

Екіншіден...

Әркім әр мәселеге өзі отырған төбешіктен қарайды..

Мектеп мұғалімі болғандықтан мен әліпби ауыстыру мәселесіне де білім саласының  призмасынан қараймын..

Жыл сайын Қазақстан мектептерін бітірген балаларды РФ ЖОО-ы жәй ғана әңгімелесу арқылы өздеріне тартып әкетіп жатыр. Және ең білімді түлектерімізді әкетіп жатыр. Мәселен, мен жұмыс істейтін қазақ-орыс мектеп-лицейінің орыс сыныптарын жыл сайын 50-ге жуық түлек бітірсе, соның жартысынан көбі Ресейге оқуға кетеді. Көпшілігі сол елдің азаматтығын алып, қалып қояды.

Бір жағынан демографиялық шығын болса, екінші жағынан туылғаннан бастап, сол балалар баратын бала-бақшаға, мектепке кететін шығындарды есепке алсақ, салық төлеушінің қалтасынан шығатын қомақты қаржы көрші елдің экономикасы үшін жұмыс жасап жатыр.

Егер латынға көшетін болсақ, кететіндері бірден кетіп, өзі мен балаларының болашағын Қазақстанмен байланыстырған азаматтарымыз қазақ тілін үйренуге кірісіп кетер еді..

Сондықтан, көп созбай ертерек өту керек.

Бұл жерде басты ұран "Бір ел - бір әліпби" болуы шарт..

Кейбіреулер айтқандай орыстілді қазақстандықтар кириллицада қала берсін деген әңгіме, мемлекеттік тілді үйренуге кедергі болған баяғы "Орыс тілі ресми тіл" деген секілді қойыртпақ болып шығады да, ел ішінде лаң туады.

Өмір ШЫНЫБЕКҰЛЫ - №41 мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі, (Шымкент қ.)

 

4
0
455

Осы тақырып бойынша

Көп созбай латын әліпбиіне ертерек өту керек - Yvision.kz