Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сиқырлы хайуанаттарды маглдардан жасыру (1)

Халықаралық сиқыршылар конфедерациясы кейбір елдерге 73-ші бапты бұзғандары үшін бірнеше мәрте жаза қолдануға мәжбүр болған. Ең қиқар заң бұзушылар – Тибет пен Шотландия. Маглдар йетиді жиі көретіндері соншалық, Халықаралық сиқыршылар конфедерациясы тауда тұрақты негізде Халықаралық жедел топ орналастырып қоюға мәжбүр болды. Оған қоса, Лох-Несс көлінде өмір сүретін әлемдегі ең ірі келпи әлі ұсталмаған. Ол тек мәшһүрлікке деген сағымын бір басып алу үшін ғана су бетіне шығып тұрады.

Бұл кездейсоқ опасыздықтарға қарамастан, біз, сиқыршылар, өзімізді тыңғылықты жасалған жұмысымызбен құттықтай аламыз. Қазіргі маглдардың басым бөлігі ата-бабаларының үрейін ұшыратқан сиқырлы жаратылыстарға сенуден бас тартатыны күмәнсіз. Тіпті Порлоктың нәжісін немесе Бояуышұлу ізін байқағандар – ондай іздердің барлығын тазартып жүру мүмкін емес, әрине, - олардың пайда болуын сиқырдан мүлдем аулақ неше түрлі себептермен түсіндіреді (маглдардың бұл пайдалы әдеті туралы толығырақ білігісі келгендерге профессор Мордикус Эггтың «Пендешілік философиясы: неге маглдар білместікті қалайды» атты туындысымен танысуға болады («Шаң мен Зең», 1963). Егер қандай да бір магл ойланбастан досына солтүстікке ұшып бара жатқан гиппогрифті көрдім десе, оны мас немесе шатыры тайған деп есептеуі әбден мүмкін. Бұл маглдарға қатысты әділетсіздік болып көрінер, бірақ бұл отқа жағылғаннан немесе тоғанға батырылғаннан гөрі әлдейқайда жақсы.

Сонымен, сиқыршылар қауымы сиқырлы жаратылыстарды қалай жасырады? Қуанышқа орай, кейбір түрлерді маглдардан жасыру үшін сиқырға жүгіну қажет емес. Тебо, Жітуші, Бұтақшы сияқты жаратылыстардың өзінің аса тиімді жасырыну құралдары бар, және оларды қадағалау үшін Сиқыр министрлігінің араласуы міндетті емес. Оған қоса, өздерінің ақылына не табиғи ұялшақтығына байланысты маглдардан аулақ жүретін тіршілік иелері бар. Мысалы, жалғызмүйіздер, Айторпақтар немесе кентаврлар. Кейбір сиқырлы жаратылыстар маглдардың аяғы аттап баспайтын жерлерде өмір сүреді. Мысалы, Акромантул Борнеоның қалың ормандарында мекендейді, ал таулардың шыңын жайлаған феникс тіпті ешкімге қолжетімсіз (әрине, сиқырды пайдаланбаса). Және ең жиі кездесетін жәйт – хайуанаттар маглдардың назарына түспеу үшін не тым кішкентай, не тым шапшаң болады, не жәй жануарлар сияқты түр жасап алады. Бұндайлар: Чизпафл, Істікшыбын және Сауыр жатады.

Дегенмен, көптеген жаратылыстар әдейі не кездейсоқ маглдардың тура қасында өмір сүреді, және солардың өзі-ақ Сиқырлы жаратылыстарды бақылау департаментін біраз әлекке салады. Сиқыр министрлігінде үлкендігі бойынша екінші тұрған бұл бөлімше (ең үлкені – Сиқыр заңдарын орындау бөлімшесі, оған құрмет ретінде барлық алты бөлімше бағынады, Құпиялар бөлімшесін есептемегенде, сірә) өз қарауындағы әртүрлі жаратылыстарға қатысты мәселелермен айналысады және әрбір жағдайдың өзіндік шешу жолдарын біледі.

 
4
0
600

Осы тақырып бойынша

Сиқырлы хайуанаттарды маглдардан жасыру (1) - Yvision.kz