Таңғажайып хайуанаттар және олардың мекені. Кіріспе (2)
Малдунның ізбасары Эльфрида Клагг ханым басқа сиқырлы жаратылыстармен жақынырақ байланыстар орнату үмітімен «жаратылыс» ұғымына жаңа анықтама берген. «Жаратылыс» деп ендігәрі адам тілінде сөйлей алатындарды атаймыз», - депті ол. Кеңес мүшелерімен тілдесе алатындардың барлығы келесі жиналысқа шақырылды. Және тағы да қателік кетті. Гоблиндерден бір-екі қарапайым сөйлем үйреніп алған тролльдар қайта келіп, алдындағыдай залды қирата бастады. Бейпілдектер ауыздары жеткен тобықты тістемек болып, орындықтардың астында жортып жүрді. Сонымен қатар аруақтардың үлкен тобы келіп (Малдунның кезінде оларды аяқпен жүрмей, ұшып жүреді деп кіргізбей қойған), «Кеңес тек тірілерді ғана ойлап, өлілердің мұқтаждығын елемейді» деген сөздерімен жұртты жиіркендіріп кетті. Малдунның кезінде «хайуандарға» жатқызыл…