Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Тамара Дүйсенованың Иран Ислам Республикасының Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Әли Рабиимен кездесуі өтті
Тараптар Қазақстан мен Иран ведомстволары қызметтерінің негізгі бағыттары туралы хабардар етілді. Министр Әли Рабиидің айтуы бойынша, оның елінің үкіметі әлеуметтік саясатты дамытуға көп көңіл бөледі. Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, бұрынғысынша, Иран үшін жұмыссыздық шешімін таппаған проблема болып қалуда. Елдің кейбір провинцяларындағы жұмыссыздық деңгейі 26%-ға жетеді, ол өз кезегінде жұмыс күшінің шетелге кетуіне әкеледі. Сонымен бірге министр Иран Ислам Республикасында міндетті медициналық сақтандыруды енгізу тәжірибесімен бөлісті. Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова әріптесін 2017 жылдан бастап ҚР азаматтарына міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі Қазақстанның жоспары туралы хабардар етті, сондай-ақ ішкі миграция мәселел…