Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

III Ұлттық кардиохирургтар Конгресі

2014 жылғы 29-30 тамызда Астана қаласындағы «Rixos» қонақ үйінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі және Назарбаев Университетінің қолдауымен Бүкіләлемдік кардиоторакалды хиругтар қоғамы мен Чикаго университетімен (АҚШ) бірлестікте «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-мен ұйымдастыруымен III Ұлттық Кардиохирургтар Конгресі өтеді.

Конгреске 500-ден астам халықаралық кардиохирургтар, ғалымдар мен сарапшылар қатысады, олардың қатарында кардиология, кардиохирургия және интервенциялық кардиология саласындағы әлемнің жетекші мамандары бар.

Конгресс мақсаты – кардиохирургия саласындағы соңғы жетістіктер мен идеяларды талқылау, тәжірибе алмасу үшін әлімнің түрлі елдерінің кардиохируртарының басын қосу.

Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемдік стандарттар деңгейіндегі озық транспланталогиялық технологиялар, оның ішінде түрлі үлгідегі қосалқы қан айналымы құралғыларын импланттау тек ғылыми орталықтарда ғана емес, өңірлік клиникаларда да табысты енгізілуде. Бүгінгі күнге дейін жүректің сол жақ қалқаншасының қосалқы құралғысын импланттаудың 130 отасы, 7 жүрек транплантациясы атқарылды.

Конгресс кардиохирургия саласындағы ең перспективті, белсенді дамып келе жатқан заманауи технологияларды және аса маңызды ғылыми зерттеулерді анықтауға мүмкіндік береді.

Конгресс жұмысы шеңберінде әлемге әйгілі кардиохирургтардың  қатысуымен инновациялық технорлогияларды пайдалана отырып, 11 шеберлік сыныбы өткізіледі.

Мұндай ауқымды шараны өткізу инновациялық технологияларды тартуға, жаңа бастамалармен танысуға, серіктестік байланыстар орнатуға, денсаулық сақтау, әлеуметтік-экономикалық және басқа да салаларда инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

III Ұлттық кардиохирургтар конгресі отандық кардиохирургияның дамуына елеулі үлес қосып, ел халқының денсаулығы үшін көрсетілетін медициналық қызмет сапасын арттыруға ықпал ететін болады.

 

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының баспасөз қызметі

0
0
459

Осы тақырып бойынша

III Ұлттық кардиохирургтар Конгресі - Yvision.kz