Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде ведомство басшыларының Қазақстандағы Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесуі өтті
Дүниежүзілік банк өкілдері «Өрлеу» әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі пилоттық жоба жөнінде хабардар етілді. Бағдарлама қатысушылары жұмыспен қамтуды көздейтін белсенді шараларға (жұмысқа орналастыру мақсатымен оқыту және қайта оқыту) қатысу жөніндегі міндеттемесін бекітетін әлеуметтік шартқа қол қояды. Қазіргі таңда Ақмола, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облысында іске асырылып жатқан бұл жоба 2016 жылдан еліміздің барлық аумақтарында таратылады деп күтілуде.
Кездесу қатысушылары ұлттық біліктілік жүйесі және қазақстандық еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіби дағдыларды дамыту жөніндегі сектораралық жобаны іске асыру мақсатындағы алдағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Орталық Азия бойынша аймақтық директор Сародж Кумар Джа Дүниежүзілік банктің осы жобаға деген аса қызығушылығын айрықша баса айтып, министр Т.Дүйсеноваға Дүниежүзілік банктің қажетті техникалық және консультациялық көмек көрсетуге дайын екенін айтты.
Кездесу барысында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы жаңа тұрақты өкілі Людмила Бутенко таныстырылды.
