Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсында жаңа номинация пайда болды
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде вице-министр Дәулет Арғындықовтың төрағалығымен Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізілуін ұйымдастыру мәселесі бойынша аймақтармен селекторлық кеңес өтті.
Биылғы жылы «Парыз» конкурсы жетінші рет өтеді және оның өткізілу бағдарламасында бірнеше өзгерістер болады. Қатысушыларға негізі жаңалық ол конкурстағы тағы бір «Еңбекті қорғау облысындағы ең үздік кәсіпорын» атты номинацияның пайда болуы. Номинация жеке кәсіпкерлік субъектілерін еңбек қызметінің процессінде қызметкерлердің денсаулығын сақтауға қолайлы еңбек жағдайларын жасауға ынталандыру үшін жасалды. Тағы конкурстың төрт номинацияларын ескеретін болсақ, сондай-ақ жоғары марапат – гран-при, «Парыз-2014» лаураеттарының көп болатындығын, 25 ірі, орта және кіші базнестің субъектілерін есепке алғанда.
Кеңес барысында ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндірме жұмыстары бойынша мәселелер талқыланды. Облыстық әлеуметтік әріптестік бойынша үшжақты комиссияның базасында үміткерлерді іріктеу процессінің, сонымен қатар үміткерлердің өтініштерін қабылдау рәсімдерін оңтайландыру айқын болуы үшін өзгерістер енгізілді.
Қазіргі таңда 200-ге жуық кәсіпкерлік субъектілер конкурсқа қатысуға өтініштерін тапсырды. Бұл ретте, «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясына өтініштер саны - 90. Қазіргі уақыттағы аумақтардың кескінінде ең белсенді кәсіпкерлер Ақтөбе облысы болып отыр.
Әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсы 2008 жылы Елбасымен бекітілгендігі белгілі. Конкурстың негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларын сақтайтын және қоғамның дамуына үлес қосатын әлеуметтік-жауапты кәсіпорындарды мадақтау болып табылады. Конкурстың тағы бір маңызды міндеті Қазақстанның ірі, орта және кіші бизнес субъектілерінің ішінен әлеуметтік жауаптылық идеясын жылжыту.
Осы уақытқа дейін «Парыз» конкурсы мемлекет пен бизнес арасындағы мықты серіктестік қатынастардың дамуы мен нығаюын сақтауға билік пен кәсіпкерлердің көпжақты өзара әрекеттесудің индикаторы болды.
