Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Тамара Дүйсенованың Иран Ислам Республикасының Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Әли Рабиимен кездесуі өтті

Тараптар Қазақстан мен Иран ведомстволары қызметтерінің негізгі бағыттары туралы хабардар етілді. Министр Әли Рабиидің айтуы бойынша, оның  елінің үкіметі әлеуметтік саясатты дамытуға көп көңіл бөледі. Алайда, қабылданған шараларға қарамастан, бұрынғысынша, Иран үшін жұмыссыздық шешімін таппаған  проблема болып қалуда. Елдің кейбір провинцяларындағы жұмыссыздық деңгейі 26%-ға жетеді, ол өз кезегінде жұмыс күшінің шетелге кетуіне әкеледі. Сонымен бірге министр Иран Ислам Республикасында міндетті медициналық сақтандыруды енгізу тәжірибесімен бөлісті.

Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т. Дүйсенова әріптесін 2017 жылдан бастап ҚР азаматтарына міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жөніндегі Қазақстанның жоспары туралы хабардар етті, сондай-ақ ішкі миграция мәселелерімен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту мәселелерін реттейтін ҚР Көші-қон заңнамасын жетілдіру тұжырымдамасы туралы айтты. Тараптар кездесу барысына қанағаттанушылықтарын білдірді және әлеуметтік саясат мәселелері бойынша екіжақты өзара іс-қимыл мүмкідігін талқылады.

   
0
0
268

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде Тамара Дүйсенованың Иран Ислам Республикасының Еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Әли Рабиимен кездесуі өтті - Yvision.kz