Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында пресс-тур ұйымдастырды
Ақмола облысында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасына қатысуға тілек білдірушілердің саны өсуде.
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақмола облысына пресс-тур ұйымдастырды.
Жиырмадан астам республикалық телеарналар, ақпараттық агенттіктер және баспа БАҚ өкілдері Целиноград және Аршалы аудандарындағы онға жуық «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында ашылған объектілерді аралады.
Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Аршалы ауылында Жастар орталығының жөндеу жұмыстары жүруде. Жоба 37 млн 472 мың теңгеге қарастырылған, 20 жұмыс орны ашылды. Ішкі жөндеу жұмыстары жасалуда. Жөндеу жұмыстары шілде айында басталды, 15 қыркүйек күні аяқталады.
Аталмыш Жастар орталығында би, вокал үйірмесі, теннис, шахмат үйірмелері ашылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, тақырыптық кештер мен жастарға арналған би кештері өткізіледі. Оның бірінші қабатында көңіл көтеретін ұйірмелер орналасса, екінші қабатында кітапхана орналасатын болады.
Бағдарлама бойынша пресс-турдың жалғасы «ИП Копп» столярлық цехында орын алды. Столярлық цехтің негізгі қызметі ағаш өнімдерін шығару. Өндірісті жаңғыртуға, дөңбектеп кесу станоктарын, фрезерлік, сорғы жабдықтарын сатып алуға Кәсіпкерлікті микрокредиттеу мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 млн. теңге бөлінген. Енді цехтың өндірістік қуаты жылына 2,8 млн. теңгеге дейін жетті, бұл облыстағы бәсекеге қабілеттіліктің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы Аршалы ауданының кәсіпкерлеріне лимонад цехын ашуға көмектесті.
Ақмола облысы Аршалы ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасының арқасында осымен 2-ші жыл қатарынан өндірістік қуаттылығы айына 20 мың бөтелке лимонад цехы жұмыс істеуде.
2013 жылы Мұрат Оздоев «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 2 млн теңгені несиеге алды. Қомақты қаржыға кәсіпкер жаңа теника сатып алып, өндірісті іске қосады, сонымен қатар, жаңа жұмыс орындарын ашады.
«Мен кеңестік кезеңнен бастап лимонад цехында жұмыс істеп келемін. Тоқырау болды, қиындықтар туындады, бірақ біз сондада жұмыс істеп келдік. Кейін «Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 2 млн. теңгені несиеге алдым, өндірісті кеңейттім, енді менің 6 жұмысшым бар», - деді «Оздоев» лимонад цехының бастығы Мұрат Оздоев.
Кәсіпкердің айтуынша, лимонад цехы орташа есеппен бір ауысымда 1000 бөтелке, бір айда 20 бөтелке лимонад шығарады.
«Біздің өндіріс соншалықты үлкен емес, біз бір ауысымда орташа есеппен 1000 бөтелке, бір айда 20 бөтелке лимонад шығарамыз», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, М. Оздоев атап өткендей, бір бөтелке лимонадттың құны 50 теңге.
«Сұраныс өте жоғары, біз тіпті өндіріп үлгермейміз. Біздің лимонадтты Теміртау, Қарағанды, Осакаровка алады. Біз бір бөтелкені 50 теңгеден береміз, менің ойымша бұл қолжетімді баға», - деді М. Оздоев.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асырудың жарқын көріністерінің бірі Целиноград ауданының Қоянды ауылындағы «Алуай» ЖК-нің соғым цехында баспасөз-туры жалғасты.
Ұйым жетекшісі және Бағдарламаға қатысушы Бақыт Алуай: «Мемлекет бүгінде еліміздің әрбір азаматына өз бизнесін ашуға, өз ісімен айналысуға мүмкіндік беріп отыр. Осының барлығын мемлекеттік даму бағдарламалары арқылы, оның ішінде «ЖЖК 2020» бағдарламасы арқылы да іске асыру ұсынылып отыр. Мұндай бағдарламалар дәл уақытында қабылдануда әрі өзекті, солардың арқасында қарапайым адамдар кәсіпкерлікпен айналысып, сол арқылы Қазақстанның өркендеуіне өз үлестерін қоса алады деген ойдамын» - деп өз пікірін білдірді. Соғым цехын ашу және 3 млн. теңге мөлшерінде кредит алу Бақыт Алуайға 40-50 мың теңге мөлшеріндегі жалақымен жергілікті халық үшін 6 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
Ақмола облысының Целиноград ауданы Талапкер ауылдық округіндегі «Алтын дән» балалар бақшасы БАҚ өкілдері барған соңғы объект болды. Мұнда бағдарламаның үшінші бағытына (жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныстандыру арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу) қатысушылардың бірі Гүлдерай Баймендинова жыл басынан бері тәрбиеші лауазымында еңбектеніп келеді.
«Мен ұзақ уақыт бойы мамандығым бойынша жұмыс таба алмадым, «экономист-бухгалтер» біліктілігі бойынша жоғары білімім бар. Жұмыспен қамту орталығына жүгінгенімде, ұсынылып отырған кәсіптер бойынша маған кәсіптік оқудан өтуді ұсынды. Мен өз таңдауымды жасап, бала-бақша тәрбиешісі мамандығын игердім. Үш айлық курстан өткеннен кейін «Алтын дән» бала-бақшасына жұмысқа орналастым, оған қуаныштымын. «ЖЖК 2020» бағдарламасы – барлық ниет білгендерге қайта оқудан өтуге таптырмас тетік деп айта аламын», - дейді Гүлдерай Баймендинова.
Келтіре берсе, мұндай мысалдар Ақмола облысында көп. Одан басқа, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының арқасында облыста жаңа кәсіпорындар ашылуда, ол өз кезегінде ондаған жұмыс орнын құруға түрткі болды. Үш жыл ішінде Аршалы және Целиноград аудандарында «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 68 кәсіпкер кредит алды және шағын бизнесті дамыту үшін кредит алуға ниет білдіргендердің қатары күн санап көбейіп келеді.
Аршалы ауданы әкімінің орынбасары Айна Мүсірәлимова, Бағдарламаның қатысушысы болуға ниет білдіргендердің саны жыл сайын артып келетінін айтты. «Бізге қосымша қаржы қажет, бүгінде 50 азаматтан өтінім түсіп үлгерді. Егер жоба ұсынып отырған сомаға көбейтсек, ол шамамен 150 млн. теңгені құрайды» - дейді ол.
