Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына баспасөз релизі

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 67-ші сессиясы шеңберінде (2014 жылғы 21 мамыр, Женева қаласы, Швейцария)  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау   ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық  жағынан қашық орналасқан офисін ашу туралы келісімге қол қойылды.

Осы келісімге қол қою 53 ДДҰ-на мүше мемлекеттерді үйлестіруді қамтитын Еуропалық өңір мен Орталық Азия аумағында БҰҰ-ның алғашқы ірі офисін ашуға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның донор елдер арасында мықты позиция алуына және 1978 жылы Алматы қаласында қабылданған МСАК жөніндегі ДДҰ/ЮНИСЕФ Декларациясына сәйкес әлемде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті (бұдан әрі-МСАК) дамыту саласында беделді саясатты қалыптастыруға мүмкіндік береді. Практикалық көзқарас жағынан ГҚО ашу денсаулық сақтау саласындағы екіжақты жобаларды кеңейтуге, Еуропа өңірі үшін ғана емес, сонымен қатар перспективада бүкіл әлем үшін зерттеулер мен тренингтерді  өткізуге мүмкіндік береді, денсаулық сақтау секторын және жалпы еліміздің  экономикалық, сондай-ақ бағдарламалық дамуына мүмкіндік береді.

Осыған байланысты қазіргі уақытта ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы арасындағы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан  қашық  орналасқан  офисін  ашу  туралы  келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мемлекетішілік келісу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осы рәсімдердің нәтижесінде 2015 жылғы ақпанда ДДҰ Еуропалық бюросының Өңірлік директоры Ж. Якабтың Қазақстанға ресми сапары барысында Алматы қаласындағы ДДҰ-ның МСАК жөніндегі ГҚО ашу жоспарлануда.

0
0
188

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасы Заңының жобасына баспасөз релизі - Yvision.kz