Мазмұнға өту
MTSZN_RK

МТСЗН РК

@MTSZN_RK

Сайтта 2014 ж. 29 сәуірКазахстан, Астана

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

1 215

пікір

1

тіркелуші

6

жазылымдар

0

2015 жылғы наурызда Астанада Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты филиалының жаңа ғимараты ашылады

2015 жылғы 12 наурызда Астанада Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты филиалының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты болады. Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты – 80 жылдық тарихы бар еліміздің бас офтальмологиялық орталығы. Институттың елордадағы филиалы 4 жылдан бері Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Астана қаласы тұрғындарын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары мамандандырылған офтальмологиялық көмекпен қамтамасыз етуде. Филиал шала туылған нәрестелердің көз ауруларын емдеуде және скрининг жүргізуде қалалық перинаталдық орталықпен ынтымақтаса жұмыс істейді. Ауданы 3200 шаршы метр болатын жаңа ғимаратқа көшу офтальмологиялық емдеу-диагностикалау қызметтерін кеңейтуге, сондай-ақ, ш…

0
0
387

ҚР ДСӘДМ зейнетақы жүйесін жаңғырту жұмыстарын жалғастырады

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 жылдың қорытындылары мен 2015 жылға арналған мақсат-міндеттері талқыланған алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысында Министр Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді сақтау қажеттігін тапсырғанын еске салды. Ағымдағы жылы әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау бағдарламаларын қаржыландыруға республикалық бюджетте 2,4 трлн. теңге қарастырылған. Соның есебінен 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері - 9%, базалық зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері - 7% көбейтілді. Сонымен қатар, Министрдің айтуынша, зейнетақы жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасады. Министрлік қазіргі уақытта тиісті заң жобасын әзірледі.…

0
0
217

Қазақстанда мүгедектерді жұмыспен қамтуға және бейімдеуге ерекше көңіл бөлінеді – Т.Дүйсенова

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 жылдың қорытындылары мен 2015 жылға арналған мақсат-міндеттері талқыланған алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысында Министр Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Министр барлық өңірлер мүгедектерге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін нысандарды хаттау және бейімдеу жоспарын бекіткенін айтты. 24,4 мың нысан құжаттандырылып, 18,9 мың нысанның 2371-і бейімделді. Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға ерекше маңыз беріледі. Қазіргі уақытта еңбекке қабілеттілігін сақтаған 280 мың мүгедектің 89 мыңы жұмыс істейді. Өткен жылы 5,6 мың мүмкіндігі шектеулі жан «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының қатысушысы болды. Тамара Дүйсенова сондай-ақ, биыл Қазақстан Мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы конвенцияны рат…

0
0
262

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде аналар мен балалар өлім-жітімі азайды

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 жылдың қорытындылары мен 2015 жылға арналған мақсат-міндеттері талқыланған алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысында Министр Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Министр ағымдағы жылы «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аяқталатынын еске салды. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында қазіргі уақытта мына нәтижелерге қол жеткізілді: - медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыруда өңірлер арасындағы айырмашылықтар мен шарттарды сараландыру жойылды. - «Ақша пациентпен бірге жүреді» қағидасы негізінде қай жерде тұратынына қарамастан ел азаматтарына көрсетілетін стационарлық көмектің қолжетімділігі кеңейтілді. Тек соңғы 2 жылда 34 мыңнан астам ауыл тұрғыны республикалық және облыстық ауруханаларда ж…

0
0
327

ҚР ДСӘДМ мамандары 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 жылдың қорытындылары мен 2015 жылға арналған мақсат-міндеттері талқыланған алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысында Министр Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Министр жиынға қатысушыларға Мемлекет басшысының тапсырмасына сай ҚР ДСӘДМ мамандары 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп айтты. Денсаулық сақтау саласының маңызды бағыттарының бірі – медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту (МСАК) болып табылады, атап айтқанда: - Өңіріне және тұрғылықты жеріне қарамастан МСАК қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету; - Медициналық білімді жетілдіру, тәжірибелік базаны нығайту, МСАК жүйесінде жұмысқа ынталандыруды күшейту, өңірлер, амбулаториялық-емханалық және ст…

0
0
679

В результате реализации программы «Саламатты Қазақстан» снизилась материнская и младенческая смертность

Сегодня об этом в ходе расширенного заседания Коллегии Министерства здравоохранения и социального развития РК по итогам деятельности в 2014 году и предстоящих задачах на 2015 год сообщила глава Министерства Тамара Дуйсенова. Министр напомнила, что в этом году завершается реализация Государственной программы «Саламатты Қазақстан». К настоящему времени: - преодолена дифференциация условий и различие в финансировании первичной медико-санитарной помощи между регионами. - на основе принципа «деньги за пациентом» расширена доступность стационарной помощи гражданам страны, независимо от места их проживания. Только за последние два года более 34 тыс. сельских жителей получили в республиканских и областных больницах высокоспециализированную медицинскую помощь; - созданы современные медицинские цен…

0
0
135

Канадалық инвесторлар Қазақстанда ауруханалар мен емханалар салуға дайын

«InterHealth Canada» компаниясы еліміздің оңтүстігінде емханалар мен ауруханалар салуға дайын. Бұл туралы Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының (РДСДО) өкілдерімен кездесуде канадалық компанияның басқарма мүшесі Эмад әл-Сукер мәлімдеді. Канадалықтардың есебінше, Оңтүстік Қазақстанда медициналық қызметтерге сұраныс жоғары болып отыр және ол арта түседі. Емдеу мекемесінің құрылысын мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде салу жоспарланған. Құрылыстың басталу мерзімі мен инвестиция көлемі әзірге жарияланған жоқ. Тараптар сондай-ақ, кейбір ауруханаларды сенімді басқаруға беру мүмкіндігін қарастырды. «Нысанды сенімді басқаруға берерден бұрын жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен бірлесіп, ауруханалар мен емханалардың қандай жағдайда екенін зерттейміз. Шамамен бір жыл іші…

0
0
331

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің алқа отырысында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы басты міндеттер талқыланды

2014 жылғы 11 желтоқсанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің селекторлық режімде алқа отырысы өтіп, Мемлекет басшысының 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан туындайтын денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы басты міндеттер талқыланды. Жиынға мемлекеттік инспектор Б.Қарасаев, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру органдарының, Комитеттер департаменттерінің және мекемеге қарасты ұйымдардың жетекшілері қатысты. Жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова әлеуметтік саламен тікелей байланысты үш бағытқа баса назар аударды. «Мемлекет басшысы берген алғ…

0
0
569

Дәрігерлерді сертификаттаудың жаңа моделі күттірмейтін шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсете білу дағдыларын бағалауға мүмкіндік береді

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігі денсаулық сақтау саласындабіліктілік емтихандарын өткізуді жетілдіру мақсатында біліктілік санатына үміткер клиникалық мамандықтары бар дәрігерлер үшін олардың білімі мен практикалық дағдыларын бағалау жүйесін енгізу арқылы ауқымды жұмыстар жүргізді. Біліктілік емтихандары шеңберінде енгізілген білімі мен практика дағдыларын бағалау рәсімі (бұдан әрі-бағалау) 2013 жылғы Астана мен Алматы қалаларында қолданылған пилоттық жоба негізіне сүйене отырып өткізілді. Бұл жаңашылдық біліктілік санатын алуға үміткер мамандар ғана қатысты. Жоғары,бірінші және екінші біліктілік санаттарына үміткерлер практикалық дағдылары мен білімдерін бағалау барысында жіп коронарлық синдромы кезіндегі, анафилактикалық шок кезде ж…

0
0
383

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы ынтымақтастық жөнінде Ережеге қол қойылды

2014 жылғы 8 желтоқсанда Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диагностикалық орталығын, медициналық-биологиялық кластерді ашу шарасы аясында Мемлекет Басшысының қатысуымен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Жұмыс тобының қызметі туралы Ережеге қол қойылды. Сондай-ақ, 2015-2017 жылдарға арналған Ынтымақтастық жөніндегі жоспар бекітілді. Жұмыс тобының негізгі міндеттері: денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында тараптар арасында қол қойылған халықаралық келісімдер бойынша ұсыныстар әзірлеу және шешімдерді іске асыру; басым бағыттарда ынтымақтастықты тереңдету; сарапшылармен, мамандармен және кадрлармен алмасу; мемлекеттердің халықаралық міндеттемелері шеңберінде өзара тиімді ынтымақтасты…

0
0
322