Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы ынтымақтастық жөнінде Ережеге қол қойылды

2014 жылғы 8 желтоқсанда Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің диагностикалық орталығын, медициналық-биологиялық кластерді ашу шарасы аясында Мемлекет Басшысының қатысуымен денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы Жұмыс тобының қызметі туралы Ережеге қол қойылды. Сондай-ақ, 2015-2017 жылдарға арналған Ынтымақтастық жөніндегі жоспар бекітілді.

Жұмыс тобының негізгі міндеттері:

денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласында тараптар арасында қол қойылған халықаралық келісімдер бойынша ұсыныстар әзірлеу және шешімдерді іске асыру; басым бағыттарда ынтымақтастықты тереңдету; сарапшылармен, мамандармен және кадрлармен алмасу; мемлекеттердің халықаралық міндеттемелері шеңберінде өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту; денсаулық сақтау және әлеуметтік даму органдары, ұйымдары мен компанияларының тікелей байланыстарын тереңдетуге жәрдемдесу; дәрілік заттардың айналысы саласындағы өзара пайдалы әріптестікті тереңдетуге бағытталған іс-шараларды өткізу; бағдарламалармен, тәжірибемен және ақпаратпен алмасу;  Қазақстан мен Корея өңірлері арасындағы тікелей байланыстарды жандандыру үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға жәрдемдесу; денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы жағдай, өткізіліп жатқан реформалар, әлемдегі жай-күй мен үрдістер және т.б. туралы ақпаратпен алмасу.

 
0
0
323

Осы тақырып бойынша

Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасы арасында денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы ынтымақтастық жөнінде Ережеге қол қойылды - Yvision.kz