Медициналық ұйымдарды аккредиттеудің 2014 жылғы қорытындысы шығарылды
2014 жылы 5 желтоқсанда Республикалық денсаулық сақтау саласын дамыту орталығында (РДСДО) 2014 жылы өткен медициналық ұйымдарды аккредиттеу қорытындысы өткізілді. Жоғары нәтиже көрсетіп, 4 жылға аккредиттеуден өткен медициналық ұйымдардың басшыларына аккредиттеуден өткені туралы куәліктер салтанатты жағдайда табыс етілді. Медициналық ұйымдарды аккредиттеу - ерікті түрде жүргізілетін шара. Ағымды жылда сыртқы бағалаудан өтуге 227 медициналық ұйым ерік білдірді. 44 медициналық ұйым (20%) аккредиттеу стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейін көрсетті (80-100%) және 4 жыл мерзімге аккредиттеуден өтті. Аккредиттеу өткізу рәсіміне 200-ден астам сарапшы тартылды. Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің және РДСДО Аккредиттеу орталығының қызметкерлерінен басқа медициналық…