Қызылшаға қарсы екпенің қауіпсіздігі күмән тудырмайды – ДДҰ
2009 жыды Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) Вакциналардың қауіпсіздігі жөніндегі ғаламдық консультативтік комитеті қызылшаға қарсы екпенің қауіпсіздігін растады. ДДҰ-ның мәліметінше, қызылшаға қарсы екпе ондаған жылдар бойына бүкіл әлемде табысты қолданылуда және қауіпсіздік тұрғысынан өте жақсы сипатқа ие. 2000 жылдан бастап бүгінгі дейін бұл екпені пайдалану әлемде 15 млн.-дай адамның өмірін сақтауға мүмкіндік берді. Қазақстанда иммундау шарасы үшін Үндістанның State Serum Institute компаниясынан сатып алынған қызылшаға қарсы моновалентті тірі екпе қауіпсіз және тиімді болып табылады. Ол ғаламдық ауқымда пайдалану арқылы расталды. Соңғы жылдар ішінде бұл екпе Ұлыбритания, Швейцария және Голландия сияқты әлемнің 45 елінде қолданылды. ДДҰ мәліметінше, бас айналу, талып қалу, ба…