Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстандықтар мүгедектікті белгілеу және әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындауға құжаттарды «бір терезе» қағидасы бойынша өткізе алады

2016 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектікті белгілеу, әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және қосымша әлеуметтік қолдауды рәсімдеу бойынша қызметтер ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық-санитариялық қызметінің «бір терезе» жүйесі арқылы көрсетілетін болады.

«Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына сәйкес азаматтардың еңбекке қабілеттілігінен айырылу деңгейін алғаш рет анықтау кезінде мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы тағайындауға және еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда Әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдерге өтінімді тікелей медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне өткізе алады.

Осылайша, өтінім беруші аталған мемлекеттік қызметтерді бір жерден ала алады. Мүгедектігі алғаш белгіленген қазақстандықтарға, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа (ЗТМО) немесе Халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) қосымша хабарласудың қажеті жоқ.

Сонымен қатар, бұған дейін алған мүгедектік туралы анықтамасы бар азаматтар еңбекке қабілеттілігінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындауға өтінімді ЗТМО немесе ХҚКО-на бере алады.

Ағымдағы жылғы 17 ақпанда ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінде өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде министр Т.Дүйсенова ҚР ДСӘДМ мамандары денсаулық сақтау және әлеуметтік-еңбек салаларында ұсынылатын қызметтер сапасын арттыруға күш салатынын мәлімдегенін естеріңізге саламыз.

 
0
0
289

Осы тақырып бойынша